№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қызылордалық кәсіпкер тесттік режимде «Ashyq» жобасына қосылды

Қызылордалық кәсіпкер тесттік режимде «Ashyq» жобасына қосылды

Қызылорда облысынан алғашқы кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жобасына тесттік режимде қосылды.
Пандемия салдарынан енгізілген шектеулер бизнес өкілдеріне әзірге еркін жұмыс жасауға мүмкіндік бермей отыр. Өткен жылдың наурызында жабылғаннан карантинге орай жұмысын бастай алмай отырған бірқатар кәсіпкерлік саласы бар. Солардың бірі – компьютерлік клубтар.
13 сәуірде облыстың Бас санитариялық дәрігері шығарған қаулыда «Ashyq» жобасы аясында компьютерлік клубтар мен боулингтерге жұмыс жасау мүмкіндігі берілгенде Палата мамандары компьютерлік клуб иелеріне тесттік режимде жұмыс жасап көруге ұсыныспен шыққан болатын. Ұсынысты алғашқылардың бірі болып қабылдаған кәсіпкер Жасұлан Абуов бұл қадамның жұмыс жасауға беріліп отырған жақсы мүмкіндік екендігін жеткізді. Айта кету керек, бүгінде өңірде 30-ға жуық компьютерлік клуб бар.
«Қызылорда қаласынан компьютерлік клубты 2018 жылы ашып, 15 адамды жұмыс орнымен қамтып отырдым. Алайда өткен жылы наурызда елімізде енгізілген төтенше жағдайдан кейін қызметімізді тоқтатуға мәжбүр болдық. Біз ғимаратты жалға алып отырмыз. Алғашында ғимарат иесі 2 ай жалдау ақысынан босатты. Одан кейін бүгінгі күнге дейін ғимарат ақысы мен кей қызметкерлердің жалақысын төлеп келдім. Шығын шамамен 8 млн.теңгедей. «Ashyq» жобасы туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан естіп жүргенмін. Кәсіпкерлер палатасының мамандары тесттік режимде қосылуға ұсыныспен шыққанда қуана қабылдадым», - дейді кәсіпкер Жасұлан Абуов.
Кәсіпкердің Infokazakhstan.kz порталына берген өтінішін Кәсіпкерлер палатасының мамандары сүйемелдеген. Жасұлан Абуов өтініш беруде қиындықтың болмағанын, 2 күнде оң жауап алып, әрі қарай 2 күнде ғимаратты талапқа сай дайындағаннан кейін жұмысын кедергісіз бастап кеткендігін жеткізді.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов та компьютерлік клубқа барып, тесттік режимдегі жұмысымен танысып шықты.
«Жеке кәсіпкер «Асыл»-дың компьютерлік клубы біздің облысымыздан «Ashyq» жобасы арқылы жұмысын бастап тұрған алғашқы кәсіпкерлік нысан. Жобаның ерекшеліктерін білу үшін өзім де ғимаратқа кірмес бұрын QR код арқылы статусымды тексеріп алдым. Статусымды нысанның қызметкеріне көрсеткеннен кейін барып табалдырығынан аттап тұрмын. Келушілер статустарын QR код арқылы тексеру үшін «Ashyq» қосымшасын жүктеп алуы керек. Қосымша болмаған жағдайда ЖСН нөмірі арқылы де тексеріп көруге болады. Егер статус «қызыл» және «сары» болған жағдайда нысанға кіруге тыйым салынады. Жобаның тиімділігіне көзіміз жеткеннен кейін біз қазір өзге саладағы кәсіпкерлерге де тесттік режимде жұмыс жасап көруге ұсыныс беріп жатырмыз», - дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры.
 «Ashyq» жобасына қатысты сауалдар туындаған жағдайда Кәсіпкерлер палатасының мамандары кеңес беріп, сүйемелдеу жасауға әзір. Жауапты маман Палатаның сарапшысы Гүлнұр Құрмантаева. Байланыс нөмірлері: 8 /7242/ 40-09-81 (ішкі 4324), ‎+7 771 479 7582.
 «Ashyq» – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.
«Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.
«Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі.  Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.
«Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.
«Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.
Qr-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Ол субъект атауы, оның орналасқан жері және басқа да сәйкестендіру деректерін көрсетумен электронды идентификаторды білдіреді. 1 нысанға кіреберісте және шыға берісте ең кемі 2 qr-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберіске жеке   qr-код ілінеді.
Бүгінде qr-код қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең қолданыс тапқан. Балама құралдар басқа елдерде де қолданылуда.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
16 сәуір 2021 ж. 457 0