Қызылордада «Ashyq» жобасы арқылы «сары түс» жағдайындағы 2 адам анықталды
Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Малика Тютебаева айтты.
Палата сарапшысының айтуынша, жобаға қатысып жатқан кәсіпкерлер хабарласып, ғимараттарына «сары түс» жағдайындағы екі азаматтың кіруге тырысқанын, алайда «Ashyq» қосымшасы арқылы мәртебесі анықталғаннан кейін кіргізілмегендігін, сондай-ақ тиісті ақпараттарды құзырлы органдарға бергендігін жеткізген.
Айта кету керек, «қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.
«Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі.
«Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.
«Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.
Осылайша, «қызыл» және «сары» түс жағдайындағы азаматтар карантин талаптарын сақтап, үйден шықпаулары тиіс.
«Ashyq» жобасы кәсіпкерлерге еркін жұмыс жасауға мүмкіндік беріп қана қоймай, азаматтарымыздың жауапкершілігін арттырады деген сенімдемін. Жоба талаптарын жауапкершілікпен орындап, аурудың тарамауына үлес қосып жүрген бизнес өкілдеріне алғысымызды білдіреміз», - деді Палата сарапшысы.
Малика Тютебаева, бүгінгі күнге дейін облыста «Ashyq» жобасы арқылы 26 кәсіпкерлік нысаны арнайы QR код алғандығын да жеткізді. Оның 19-сы қоғамдық тамақтандыру қызметі, 3-еуі компьютерлік клуб, 2-еуі кинотеатр, 1 боулинг және 1 бассейн. Оның ішінде 7 кәсіпкерлік нысан тесттік режимнен сәтті өтіп, жұмысын толық бастап кетті. Қалған 19 нысан әзірге тесттік режимде жұмыс жасауда.
Жалпы, еліміздің Бас санитарлық дәрігерінің 13 сәуірдегі №14 Қаулысына сәйкес 26 сәуірден бастап Қызылорда облысы «Ashyq» жобасына енді.
Жоба қатысушысы бола алады:
- фитнес-клубтар, йога орталықтарын қоса алғанда;
- спа-орталықтар;
- сауналар, бассейндер;
- компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда (16 жасқа дейінгі тұлғаларды қоспағанда);
- боулинг клубтары.
- кинотеатрлар;
- театрлар және филармониялар;
- банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фудүлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;
- ерікті қатысушылар;
- облысаралық және қалааралық жүйелі месе (туристік) тасымалдар;
- бильярд клубтары;
- концерт залдары;
2021 жылдың 5 мамырынан бастап:
- караоке;
- жасыл аймақтағы банкет залдары (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр).
«Ashyq» жобасына тіркелу кәсіпкерлерге бірқатар артықшылықтар береді. Мысалы, егер біздің облысымыз эпид.ахуал бойынша «қызыл» аймаққа енген болса, онда жобаға қатысушы кәсіпкерлер «сары» аймаққа қойылатын тәртіп бойынша жұмыс жасай алады. Ал егер өңір «сары» аймақта болса, онда кәсіпкерлер «жасыл» аймақтағы артықшылықтарды қолдана алады», - дейді Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Малика Тютебаева.
Палата сарапшысы жоғарыда аталған қаулыда жоқ нысандар да жобаға тіркеліп, жұмыс жасай алатындығын жеткізді. Алайда оларға айтылған артықшылықтар берілмейді.
«Ashyq» жобасына қатысты сауалдар туындаған жағдайда Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары кеңес беріп, сүйемелдеу жасауға әзір. Жауапты маман Палатаның сарапшысы Гүлнұр Құрмантаева. Байланыс нөмірлері: 8 /7242/ 40-09-81 (ішкі 4324), +7 771 479 7582.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі