№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сәттілік тілейміз!

Сәттілік тілейміз!

Қала мәдениетін дамыту, қала ландшафтын, көрінісі мен архитектурасын заманауи үлгіге сай ету, қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүйелі атқару қажырлы еңбекпен қатар, талапшылдық, іскерлік қабілетті қажет етеді. Міне, осы қасиеттерді Нұрлыбек Нәлібаевтың бойынан көруге болады.
Нәлібаевтың кезінде шаһарда жаңа демалыс орындары, аллеялар мен скверлер көптеп ашылып, көз тартар көгалдар қалыптасып, әсем гүлзарлар қала ажарын айшықтай түсті. Мәселен, «Сыр-Ана» монументінің аумағы, Теміржол паркі, «Тағзым» алаңы қайта жаңғыртудан өтіп, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне берілді. Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының қос қапталы Сыр сүлейлері аллеясынан Сұлтан Бейбарыс көшесіне дейінгі аралығы гүлзарлармен толығып, жаяу жүргінші жолы жаңарып, төрт бірдей субұрқақ орнатылып, соңғы үлгідегі жарық шамдармен жарықтандырылды. Бұдан бөлек Тұңғыш Президент саябағы, «Сыр сүлейлері», «Абай» скверлері, Илья Ильин саябағы және т.б. аумақтарына гүл отырғызылып, Абылай хан аллеясы, Мұнайшы аллеясы, Қорқыт Ата кешені, «Ромашка» субұрқағы, Абай скверіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Орда» құрылыс алаңына айналып, бірнеше шағын аудандар пайда болып, тұрғын үй кезегі жылжып, қуанышқа кенелген азаматтар саны артты. Көшелер кеңейтіліп, жарықтандырылды. Расында Қызылорда қаласы жаңарды, жаңғырды, тап-таза орталыққа айналды. Бастысы, облыс орталығы әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеді және мәдениет, өнер, спорт саласы қарқынды дамыды.
Енді Нұрлыбек Машбекұлы Елорда төрінде мемлекеттік қызметін жалғастырады. Нақтысын айтқанда, Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Сәттілік тілейміз!
03 сәуір 2021 ж. 645 0