№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңашыл қадамдар жариялылыққа жол ашады

Жаңашыл қадамдар жариялылыққа жол ашады


Қоғамдық Кеңестердің алдында мемлекеттік органдардың есеп беруі халықпен кері байланыс орнатудың нақты көрінісін айғақтайды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Агенттік қызметкерлері қатысуымен өткен кеңес отырысына кент және ауылдық округ әкімдері, аудандағы мекеме басшылары қатысты.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамалардың орындалуының мән-жайы туралы департамент қызметкерлері қатысуымен өткен жиынға аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ақылбек Жәнібеков модераторлық етті. Басқарма басшысы Ғалымжан Маратұлы облыс көлемінде былтыр мемлекеттік қызметтер сапасына жүргізілген бақылау нәтижелерін аудандар бойынша саралап, тиісті бағасын берді. Келесі кезекте Жаңақорған ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету бағытында 2020 жылда атқарған жұмыстарының барысымен цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторинг бөлімінің басшысы Жасұлан Бейсенбеков баяндады. Ол электрондық Үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді көпшілікке қолжетімді етудегі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Мәселен, биылғы жылы ауданда 1000 тұрғын компьютерлік сауаттылығын арттыру мақсатында оқытылғанын, мемлекеттік қызметшілер және бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлері толық электрондық цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етілгенін айтты. Одан әрі мемлекеттік қызметтерді алуда мерзім бұзушылық фактілеріне жол берген кемшіліктерді атап, мұндай келеңсіздік мекемелер арасында ақпараттық ықпалдасудың өз дәрежесінде болмауы себебінен орын алып отырғанын айтты.
Мұнан әрі сөз алған Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орыновтың хабарламасында айтылғандай, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР азаматтарының кірістері мен мүлкіне жалпыға бірдей Декларация міндеттеледі. Бұл көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлықты ауыздықтаумен қатар ел тұрғындарының нақты жағдайын сараптап, қоғам дамуының айқын стратегиясын бекемдеуге де басымдық береді. Осы тұрғыда кезең-кезеңімен белгіленген қоғам мүшелерінің санаттық топтарына талдау жасаған басшы бұл науқанның 2025 жылы толық мәресіне жететінін айтты. Жиында қаралған мәселелердің негізгі түйінін тарқатқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Рафхат Төлеуғалиұлы жергілікті қоғамдық Кенестердің роліне тоқтала келе, оның мемлекеттік қызмет көрсету деңгейіне бақылау жасауға құқылы екендігін баса айтты. Биыл облыста 31 мемлекеттік қызметкерге тәртіптік жауапкершілік көрілсе, соның 9-ы Жаңақорған ауданына тиесілі, негізгі сипаты карантин талаптарын сақтамаудан туындап отыр. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету талаптары ауданда 66 пайызды құрап отыр екен. Мектепке дейінгі ұйымдарға балалар қабылдауда 731 нысанның 43-і ғана электрондық форматта жұмыс істейді. Таптаурын әдіспен жұмыс жасауды жалғастырып отырған мекемелер үшін қарым-қатынас талаптарында әлі де қағаз құжаттар бармақ басты, көз қысты айла-амалдарға жағдай туғызып отыр ма деген күмәнді алға тартты.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Руслан Рүстемов электрондық форматқа көшу басшылықтың тікелей назарында екенін, оған нақты жағдай қалыптастыруда ірі екі компаниямен келісім жасалған, осы шарттардың негізінде Казтелекоммен 9 елді мекенді, Транстелекоммен 10 елді мекенді интернет желісіне қосуға қол жеткізіледі, жыл аяғына дейін байланыс жүз процент жолға қойылатынына сендірді. Одан әрі ауданда мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін тиімді үйлестіруге бағытталған нақтылы қадамдарға тоқталды. Мұнан әрі де жұмыстың жариялы және сапалы атқарылуына қадағалау күшейетінін айтты.
Еліміздің дамуына бағытталған нақты қадамдардың дені жаңашыл технология жалпыхалықтық қолдауға ие болып, жариялы жүзеге асқанда ғана нәтижелі болмақ. Бүгінгі жиыннан тиісті тараптар осыны ойға түйіп тарқасты.

Баян ҮСЕЙІНОВА
03 сәуір 2021 ж. 423 0