№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Емдеуден гөрі алдын-алу әрқашан жақсы

Емдеуден гөрі алдын-алу әрқашан жақсы


Тереңөзек кентінің тұрғыны Алтынбек Досжанов бірнеше рет транзиторлық ишемиялық шабуылға (бұдан әрі – ТИШ) ұшырады. ТИШ-инсультқа ұқсас шабуыл, бірақ бірнеше минутқа созылады және ешқандай нәтиже қалдырмайды. ТИШ ескерту ретінде де, инсульттің алдын-алу үшін де мүмкіндік береді. Сондықтан учаскелік дәрігер Алтынбекті Сырдария аудандық ауруханасының күндізгі стационарына емделуге жібереді.
«Міне, 10 жылдан астам уақыт бойы «2 типті қант диабеті», «эпилепсия», «артериялық гипертензия» аурулары бойынша есепте тұрамын.  Кәсіпкермін, ай сайын МӘМС-ке жарна төлеймін. Сақтандырылған азаматтарға қымбат тұратын медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер қолжетімді болғанына қуаныштымын. Дәрігердің жолдамасымен МРТ-дан өттім, қажетті талдауларды тапсырдым», - дейді пациент.
Күндізгі стационар дәрігері Қайрат Ермановтың айтуынша, уақытылы тексеріліп, емдеудің арқасында жүрек-қан тамырлары ауруларынан өлімі төмендеуі байқалады.
«Көбіне бізге «артериялық гипертензия» диагнозы бар пациенттер келіп түседі. Олар жылына екі рет емделеді. Барлық процедуралар, дәрі-дәрмектер тегін. Төсек орындары көбейтілді. Оның ішінде, 20-сы күндізгі стационарда. Жалпы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізумен оң өзгерістер байқалады», - деп атап өтті Қайрат Ерманов.
Айта кетейік, МӘМС аясында жыл басынан бері Сырдария ауданы бойынша 80-нен астам тұрғын күндізгі стационарда ем қабылдаған.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты
ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
30 наурыз 2021 ж. 441 0