№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызметтерді алу жолдары жеңілдетілді

Қызметтерді алу жолдары жеңілдетілді


Мемлекет басшысы халыққа жолдауындабизнес – процестерді мүмкіндігінше цифрландыруды  тапсырған болатын. Осы бағытта  жер қатынастары саласындағы қызметтерді алуды электрондық форматқа көшіру жөнінде Азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ жер кадастры жәнежылжымайтын мүлік бойыншаЖаңақорған  аудандық бөлімі басшысы  Талғат Жәрімбетовпен сұхбаттасқан едік.
– Жер қатынастарына қатысты қызметтерді алу жолдары жөнінде айтсаңыз?
Бүгінгі  таңда  жер қатынастарына  байланысты «Мемлекеттік жер кадастрынан ақпарат беру», «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау», «МЖК ААЖ графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу», «Жер учаскесіне еактілер дайындау және беру», «Жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы ақпарат беру» сияқты мемлекеттік қызметтерін egov.kz электронды үкімет порталы  арқылы онлайн алуға болады.  Басты талап – электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы.
– Жер қатынастары саласындағы  қызметтердің көрсетілу мерзімі қаншалықты  қысқарды?
– Цифрлық технологиялар дәуірінде тұрғылықты жерге байланып, қызметтің нәтижесін бірнеше күн, тіпті бірнеше ап­та күту, әрине, орынсыз. Сондықтан  жер қатынастары саласында ең көп сұранысқа ие қызметтердің көрсетілу мерзімі қайта қарастырылып, барынша азайтылды. Мәселен, егер бұрын "Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық мәліметтерімен жобаланатын жер учаскесін келісу» мерзімі 15 күнтізбелік күн болса, қазір ол 7 жұмыс күніне дейін, ал жеке сәйкестендіру құжатын дайындау уақыты 6 жұмыс күнінен 4 күнге дейін қысқарды. Мемлекеттік жер кадастрынан ақпарат беру мерзімі 3 жұмыс күнінен 15 минутқа дейін қысқарды.
– «ЦифрлыҚазақстан»  бағдарламасына  сәйкес елімізде 2021 жылы    «Жылжымайтын мүліктің  бірыңғай мемлекеттік  кадастры» жаңа ақпараттық  жүйесіпайда болуы тиіс, осы жүйе туралы толығырақ айтып берсеңіз.
– Қазіргіуақытта  Қазақстанда   жержәне жылжымайтын мүлік саласында екібаза бар. Олар «Мемлекеттік жеркадастры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мен «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік  деректер қоры. Екі бөлек база болғаны – мен, ондағы ақпараттар бір бірін жиі қайталайды. Сондықтан, жер, құқықтық  және табиғи ресурстарды  қоса алғанда, барлық салалық деректер базалары  мен  кадастрлардықамтитын «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік  кадастры» жүйесін  құру, бірінші кезекте, ақпараттардың қайталануын және оның қарама-қайшылығынболдырмауға  мүмкіндік береді. Екіншіден, жаңа ақпараттық жүйе қолданыстағыүдерістердің  ашықтығын қамтамасыз етеді. Үшіншіден, ЖМБМК жылжымайтын мүлікті және жер  учаскелерін рәсімдеу – мен байланысты  бизнес – үдерісті оңтайландырады. Жалпы, жобаның  көптеген артықшылықтары бар. Оны іске   қосқан соң жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және  есепке алу саласындағы  мәліметтерді  автоматты түрде  іріктеуден, өндеуден, өзектілендіруден, сақтаудан және талдаудан, базалық және өңірлікдеңгейдегі жер кадастрынанжылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтарды бірыңғай автоматтандырылған есепке  алуды  жүргізгенгедейін  жұмыстары    жеңілдемек.
Жер қорларын ұтымды және тиімді пайдалану – халық шаруашылығында маңызды мәселе. Ол халық шаруашылық салалары  арасында жерді дұрыс үлестіруді, қоғамға керек ауылшаруашылық өнімді толық алуды, топырақтың құнарлығын сақтау және жүйелі түрде жоғарылатуды көздейді. Осы мәселені шешу үшін жер кадастрын толық, қомақты жүргізу керек. Ұйымдастыру-шаруашылық қызметін атқара отырып, мемлекет жер иесі және аумақтық басымдылық құқығының тұтқасы ретінде  бірыңғай жер қорын басқаруды жүзеге асырып, жер кадастріне ерекше мемлекеттік мәнділік береді.
Мемлекет жерді кәсіпорындарына, мекемелерге ұйымдарға, азаматтарға пайдалануға, иеленуге беретіндіктен кадастрлік мәліметтер жерлердің нысаналы, ұтымды пайдаланылуын, қорғалуын мемлекеттік тұрғыда бақылауды жүзеге асыру үшін керек.
Жер кадастрының мазмұны және оны жүргізудің белгіленген тәртібі еліміздің барлық аймақтарына міндетті. Мемлекеттік жер кадастрының объектісі Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік жер қоры болып саналады. Мемлекеттік жер кадастры осы қордың толық саны және сапалық сипаттамасын беруге және жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы дұрыс, қажетті мәліметтер жиынтығынан құралуға тиісті.
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан республикасының табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы, жер учаскелерінің орналасқан жері, көлем мен шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер учаскелерінің есепке алынуы мен бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Жер кадастрын жүргізудің ең маңызды шарты координаттардың, биіктіктердің, картографиялық проекциялардың, классификатор, код, кіру және шығу форматтарының бірыңғай мемлекеттік жүйесін қолдану жолымен ақпаратты өзара сәйкестендіру принципін қамтамасыз ету болып табылады.
Кадастрде әр жер учаскесі үшін физикалық сипаттамалары келтіріледі. Олар учаскені кеңістікте бөліп көрсетеді, оның орнын, мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жерді құндық бағалауға мүмкіндік береді. Жер учаскелері туралы мәліметтер жер кадастрлік карталарда да келтіріледі,оның кадастрлік нөмірі, орны, шекарасы, жазулары айқындалады.
Мәліметтер тиісті әкімшілік аудан деңгейінде жинақталады. Онда учаскенің кадастрлік нөмірі, жеке немесе заңды тұлға /жер учаскенің құқықтық субъектісі/ аты, атқарушы органдардың хаттамалары, орны, мөлшері, бағалық құны, нысаналы арналуы, бөліну, бөлінбеуі, сервитут, пайдалану жөнінде шектеу туралы мәліметтер көрсетіліп, сақталынады. Бұл мәліметтер меншіктеу түрлері, жер санаттары аудандар, облыстар, қалалар, республика бойынша жүйелендіріледі.
Сұхбаттасқан
Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
27 наурыз 2021 ж. 307 0