№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » 100 жаңа есім жобасы басталды

100 жаңа есім жобасы басталды


Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының төртінші кезеңінің басталғанын хабарлады. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 22 ақпанынан 15 наурызына дейін 100janaesim.ruh.kz сайтында жүзеге асады.


«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында та­бысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жоба 2017 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен жарық көрді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылатын жалпыұлттық жоба­ға медицина, білім беру, ғылым және инновация, экология, мәдениет және спорт, бизнес, қоғам номинациясы бойынша қатысуға болады.Ол үшін үміткерлер 100janaesim.ruh.kz сайтындағы сауалнаманы толтыру қажет.
Жоба шарттарына сәйкес қатысушы сенімді ақпарат беруге міндеттенеді. Жалған ақпарат ұсыну, онлайн дауыс беру кезінде фальсификацияға жүгіну сынды немесе өзге де құқық бұзушылық актілері анықталса, ұйымдастырушылар қатысушыны жобадан шығарып жіберуге құқылы.
Барлық өтінімдер модерациядан өтеді, кейін сайтта жарияланады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бүкілхалықтық онлайн дауыс беру басталады. Сондай-ақ, өтінімдердің белгілі бір бөлігі танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, спорт, бизнес өкілдерінен тұратын қазылар алқасының қарауына ұсынылады. Оған қоса осы жылдан бастап өткен маусымдардың жеңімпаздары қазы­лар алқасының құрамына енеді.
Дауыс беру кезінде ең көп ұпай жинаған және қазылар алқасының таңдауына ілінген қатысушылар ағымдағы жылдың сәуір айында жоба жеңімпаздары болып атанады.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов:
– Маңызды жобаға ауданның рухани-мәдени, әлеуметтік-экономикалық даму­ына үлес қосқан жаңа есімдерді ұсы­нып келеміз. Бұл жоба бастамашыл азаматтардың халыққа сапалы қызмет етуінде өзіндік өлшем-құралына айналып келеді, – деді.

Айдана АСАНОВА
23 ақпан 2021 ж. 763 0