Автомобиль көлігін бақылау бөлімі 1610 құқық бұзушылық анықтап, 51 500 000 тг айыппұл салған

Эфир барысында Бақытжан Мақсұтұлы 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттар беріп, департаменттің инспекциямен бірлесе атқарылған жұмыстары туралы хабарлама жасады.
Өз кезегінде,Нәжмәдин Шәкизадаұлы2020 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 1532 мемлекеттік қызмет көрсеткенін баяндап және көліктік бақылау инспекциямен анықталған құқықбұзушылықтары бойынша тоқталып өтті. Атап айтқанда:
- Автомобиль көлігін бақылау бөлімі 1610 құқық бұзушылық анықтап, 51 500 000 тг айыппұл салған;
- Теміржол көлігін бақылау бөлімі 97 құқық бұзушылық анықтап,2 500 000 тг айыппұл салған;
- Су көлігін бақылау бөлімі 52 құқық бұзушылық анықтап, 360 505 тг айыппұл салғандығын хабарлап, сонымен қатар ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстары бойынша баяндама оқыды.
Кездесу соңында көрермендер тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берілді.