№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері кәсіпкерлер мен азаматтарға 9341 кеңес беріп, қызмет көрсетті

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері кәсіпкерлер мен азаматтарға 9341 кеңес беріп, қызмет көрсетті

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Палата басшысы журналистерге соңғы 7 жылда облыста мұнай өндірісі екі есеге дейін азайып, 5,5 млн.тоннаға дейін төмендегенін, өткен жылы да 1 млн.тоннаға кеміп, өндіріс көлемі 4,6 млн.тоннаны құрағанын жеткізді.
Спикердің айтуынша осының салдарынан өңірде мұнай өндеуші ірі кәсіпорындардан түсетін салық көлемі орташа есеппен 4,2 есеге түсіп кеткен.
«Өңдеу өнеркәсібі бағытында облыс экономикасын әртараптарандыру – күн талабы. Оны тек шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қол жеткізе аламыз», - дейді Палата директоры.
Статистикалық деректер бойынша 2021 жылғы 1 қаңтарға облыста 48 657 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасап жатыр (дара кәсіпкерлер –  67%, шаруа қожалықтары – 21% және заңды тұлғалар – 12,0%). Өсім – 5,1%.
«Өткен жылғы төтенше жағдай, карантинге қарамастан біз қызметімізді тоқтатпадық. Қызметкерлеріміз төтенше жағдайда 24/7 режимінде жұмыс жасады. Офлайн алынатын қызметтерді жағдайға тез бейімделіп онлайн алу мүмкіндігін енгіздік. Нәтижесінде 2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Палата кеңесшілері 1677 кәсіпкерлік субъектісіне 1785 қызмет көрсетті. Оның ішінде: онлайн – 576 қызмет, офлайн – 1209 қызмет», - деді баспасөз мәслихатында Ғалымбек Жақсылықов.
Мұнымен қоса, Палата кеңесшілері 4075 тұлғаға 7664 кеңес берген, оның ішінде онлайн форматта – 111кеңес.
Аймақта Палата мамандарының оқытуымен «Бизнес-мектеп» оқу курсын 801 тұлға оқып шықты. Офлайн форматта – 78, онлайн – 723 тұлға. Оқыған қатысушылардың 54 жобасы жалпы сомасы 172 400 000 тенгеге қаржыландырылған.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
20 қаңтар 2021 ж. 432 0