№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 7,9 млрд.теңгеге 106 жоба қаржыландырылды

Қызылорда: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 7,9 млрд.теңгеге 106 жоба қаржыландырылды


Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Қызылорда облысының экономикасы мұнай өндірісіне тәуелді екені білгілі. Өткен жылы мұнай өндірісі көлемінің 13%-ға төмендеуі тиісінше өнеркәсіптік өнімнің 10,7%-ға азаюына алып келді. Жалпы, соңғы 7 жылда облыста мұнай өндірісі екі есеге дейін азайып, 5,5 млн.тоннаға дейін төмендеген. Биыл да 1 млн.тоннаға кемиді деген болжам бар.Бұл мұнай өнеркәсібі өңірдегі экономикалық дамудың басты қозғалтқышы болудан қалғанының белгісі. Сондықтан өндеу өнеркәсібі бағытында облыс экономикасын әртараптарандыру – күн талабы. Оны тек шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қол жеткізе аламыз», - дейді Палата директоры.
Айта кету керек, 2020 жылғы 1 қыркүйекке өңірде 46 647 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасауда (дара кәсіпкерлер –  67%, шаруа қожалықтары – 21% және заңды тұлғалар – 12,0%). Өсім – 5,5%.
«Пандемия шағын және орта кәсіпкерлік саласына ауыр тиді, ахуал әлі де болса күрделі. Экономиканың аса зардап шеккен 9 саласында облыс бойынша 10795 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізілді. Оған облыс бойынша 11 064 қызметкері бар 3680 кәсіпкерлік субъектісі қатысты. Сауалнама нәтижесіне сәйкес облыс бойынша кәсіпкерлік саласындағы қызметкерлердің 31% немесе 3 мыңнан астамы қысқартылған және 32% қызметкерлер жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына жіберілген. Осыдан-ақ кәсіпкерлік саласына пандемияның зардабын анғаруға болады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес жылдың басынан бері шағын және орта кәсіпкерлік саласында 4610 адам қысқартылған», - дейді баспасөз-мәслихатында Ғалымбек Жақсылықов.
Қазір кәсіпкерлер қызметін «Info Kazakhstan» порталы арқылы жандандыруда. Бүгінгі күнге дейін портал арқылы 12000 кәсіпкер өтінім берді. Палата басшысы, қазіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау шаралары қабылданып жатқанын жеткізді.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша бүгінгі күні жобалық кеңсенің қарауында жалпы сомасы
13,6 млрд.теңгені құрайтын 162 жоба бар. Оның ішінде 106 жоба (7,9 млрд.теңге) – банктермен және Аграрлық несие корпорациясымен мақұлданған. 14 жоба (3,3 млрд.теңге) – қаржы институттарының қарауында. Қалған жобалар бойынша құжаттар жинақталуда.
«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 4,0 млрд.теңгені құрайтын 109 жоба субсидияланды. 2018 жылмен салыстырғанда биылғы 9 айдың өзінде субсидияланған жоба сомасы 10%-ға артқан.
460 кәсіпкерлік субъектісінің несиелері бойынша төлемдер кейінге шегерілді және 49 кәсіпкерлік субъектісі Шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие беру бағдарламасы шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға 8 пайызбен бір жылға 5 млрд.теңгеге жуық кредит алған.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
08 қазан 2020 ж. 587 0