№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекет басшысы жариялаған волонтерлер жылы аясында 100 аса іс-шара өткізді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекет басшысы жариялаған волонтерлер жылы аясында 100 аса іс-шара өткізді

Өтіп бара жатқан жыл Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша волонтерлер жылы деп жарияланған болатын.
Осы ретте, Халықтың мұқтаж топтарына көмек көрсету бойынша бүкіл республикалық бастамаларды қолдау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2020 жыл бойы «Игі істер уақыты» акциясын өткізді.
Осы акция аясында мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге бағытталған волонтерлік және қайырымдылық іс-шараларына Агенттіктің қызметкерлері COVID-19 пандемиясы кезеңінде туындаған қиындықтарға қарамастан бірқатар іс-шараларды өткізді.Атап айтқанда:
- Ақмола облысы көпбейінді облыстық ауруханасы үшін оттегі концентраторы сатып алынды;
- сәбилер, қарттар үйлерінің аумағын және ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері үйлерінің аумақтарын қоқыстан және қардан тазарту жұмыстары жүргізілді;
- саябақтар мен скверлер, сондай-ақ аллеялар аумағында ағаш отырғызу бойынша экологиялық іс-шаралар өткізілді;
- су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек көрсету қорына азық-түлік және қаражат жинау жүзеге асырылды;
- аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғыз басты зейнеткерлер үшін азық-түлік себеттері үлестірілді;
- «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында оқушыларға кеңсе заттары үлестрілді;
- «Донор күні»акциясы аясында мемлекеттік қызметкерлер қан тапсырды.
Жалпы алғанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Игі істер уақыты» акциясы аясында тұрғындарға қол ұшын созу бағытында жалпы саны 100-ге жуық іс-шара өткізілді.
Агенттік осындай іс-әрекеттер адамдардың көбісін игі бастамалардың жақтаушылары болуға ынталандыруы бағытында жасалған игі істерді кеңінен жария ету жөніндегі бастамаларды қолдайды, сондай-ақ алдағы уақытта да мұқтаж адамдарға көмектесуге бағытталған қызметті жалғастыратын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі
23 желтоқсан 2020 ж. 424 0