Бір тәулікте 652 қазақстандықтан коронавирустың белгілері анықталды
Сoronavirus2020.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Қазақстанда өткен тәулікте 652 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Барлық жағдай ПТР-сынама арқылы расталған.
Шығыс Қазақстан облысында –18211 (+60),
Нұр-Сұлтан қаласында – 17555 (+68),
Алматы қаласында – 17460 (+51),
Атырау облысында – 12512 (+74),
Қарағанды облысында – 11666 (+32),
Батыс Қазақстан облысында – 8782 (+37),
Павлодар облысында – 8246 (+80),
Солтүстік Қазақстан облысында – 7903 (+66),
Қостанай облысында – 6810 (+66),
Ақмола облысында – 6573 (+59),
Алматы облысында – 6475 (+25),
Шымкент қаласында – 5452 (+3),
Жамбыл облысында – 4840 (+6),
Ақтөбе облысында – 3623 (+8),
Түркістан облысында – 3575 (+4),
Маңғыстау облысында – 3561 (+12),
Қызылорда облысында – 3340 (+1).
Айта кететіні, пандемия басталғалы ел бойынша барлығы 146 584 адам коронавирус жұқтырды. Ал, kyzylorda-news.kz сайтының мәліметінше, Қызылорда облысы бойынша 3339 адамнан веристың белгілері анықталса, оның 3281 жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны – 15.
Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 76,1 млн-ға жетті. Көш басында АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей, Франция сынды елдер тұр. Демек, әлі сақтану маңызды деген сөз.