Өрт кезінде 5 қызынан айырылған Ситерлер отбасында ұл бала дүниеге келді

Жұмада Ситерлер отбасында бала дүниеге келгені белгілі болды.
Қуанышты жаңалықты блогер Тәңірберген Бердоңғаров жариялады, деп жазады sputnik.kz сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы".

"Времянкадағы" өрттен бес бала көз жұмды
2019 жылдың 4 ақпанына қараған түні Нұр-Сұлтандағы Көктал-1 тұрғын алабында, жеке үйдің аумағында уақытша баспана өртеніп кетті. Құтқарушылар 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыздың мәйітін тапты.
Төтенше жағдайға өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қыздардың ата-анасы мен туыстарына көңіл айтты.
Сол түні балалардың ата-анасы жұмыста болған.
Бұл трагедия бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді, көпбалалы аналар көшеге шығып, өз проблемаларын жеткізді. Қазақстандықтар бес қызынан айырылған отбасыға көмектесу үшін ақша жинау науқанын бастады.