» » Гуманитарлық көмек қоғам бақылауында

Гуманитарлық көмек қоғам бақылауында




2020 жылғы 08 желтоқсан күні Қызылода облысына Израиль және Польша мемлекеттерінен 75 дана пульсоксиметр құрылғысы, 650 дана Tarsime, Azimycin дәрілік препараттары және 20 данадезинфекциялық құралдар гуманитарлық көмек ретінде келді.
Сонымен қатар өңірімзге қараша айында Китай, Германия, Сингапур мемлекеттерінен және Шеврон Мунайгаз Инк-2 ЖШС-нен медециналық құрылғылар мен препараттар гуманитарлық көмек облыстық арнайы дәрі-дәрмек қоймасына орналастырылған болатын.
Атап айтқанда:
  • 1500 дана обаға қарсы костюмдер;
  • 29 300 дана медециналық маска;
  • 580 дана медициналық қорғаныс костюмі;
  • 4 дана ӨЖЖ аппараты;
  • 1 дана ауа ылғалдандырғыш құралы;
  • 290 дана омепразол дәрілік препараты;
  • 20 оттегі концентраторлары;
  • 2100 дана парацетамол;
  • 2100 дана ибупрофен.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесініңмүшелері және қоғам белсенділері келіп түскен гуманитарлық көмектің облыстық арнайы дәрі-дәрмек қоймасына қабылдау барысына қоғамдық бақылау жүргізіп келеді.
Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
09 желтоқсан 2020 ж. 382 0