№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жомарттық жан жадыратар!

Жомарттық жан жадыратар!


Шырылдаған шақалағын жұбатудан жұмысқа шыға алмайтын ана, жұмыс жасауға денсаулығы жарамайтын әке, күніне 3 мезгіл ыстық тамақ сұрайтын 8 перзент. Бұл - Алтынсарин мөлтек ауданындағы ескі үйлердің бірінде аядай ғана қуысты паналап күн кешіп жүрген Фигурский отбасының қалыпты тіршілігі. Ара-тұра Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінен көмек келген сәтте тар бөлмеде тамақ ішіп, бір бөлмеде ұйықтап, бір бөлмеде аяқ киімін шешіп жүрген сегіз баланың қуанышында шек болмайды. Тіптен, азық-түліктер келген сәтте бұл отбасында той болғандай қуанышқа айналады. Періште пейілді балалардың бала арманы сол - өзге жұрттар секілді өздеріне тән жылы баспанасының болуы, өзгелер секілді киім-кешек пен ойыншықтарының болуы. Осынау отбасының арманының ақиқатқа айналуына барынша күш салып, бүтін ұжымды қайырымдылыққа үлестіріп жүрген жанның бірі колледж директоры Жомарт Абибуллаұлы. Қайырымдылықты қаныма сіңген қасиет деп танитын басшымыз бұл жолы да аталмыш отбасының мұқтаждығын бүтіндеуге атсалысты.
Колледждегі Кәсіподақ ұйымының төрағасы Алмат Мампаев, Әлеуметтік педагог Гүлмира Нақыпбекова және Өндірістік оқыту шебері Әзірет Әбілхайыр мен топ жетекшісі Ақмарал Досанованың ұйымдастыруымен
Бақытжанның үйін жылытуға арналған отын, ағаштар түсіріліп берілді. Мұнымен қоса, курстасы Нысанбай Дамирдың өз отбасының атынан арнайы азық-түліктер табысталды.
Айта кететіні, колледж басшысы Жомарт Абибуллаұлының бастамасымен студенттеріміздің хал-ахуалы ұдайы бақыланып, тиісінше қаржылай, киімдей, материалды көмектер көрсетіліп келеді. Былтырғы оқу жылында әлеуметтік аз қамтылған 30 студентке күз, қыс мезгілінде киетін киімдер қажетіне сай табысталды. Дәл осы жоба биыл да директордың тікелей инсативасымен қолға алынуда.

Жаңақорған аграрлы- техникалық колледжі
30 қараша 2020 ж. 640 0