№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Асарлатса ағайын, қалай үйсіз қалайын?!

Асарлатса ағайын, қалай үйсіз қалайын?!


«Рухани жаңғыру» игі дәстүрлерді жаңғыртудың көзі болса, осы бағдарламаға асар әдісін қосу орынды. Өйткені асарда жылулық бар, жанашырлық бар. Осындай қамқорлықты Келінтөбе ауылдық округінен көрдік.

Аудан әкімі Руслан Рүстемов бастаған делегация қуанышқа ортақтасу үшін Шырынкүл Бекетованың шаңырағына арнайы барды. «Қонақ үйге құт әкеледі» ұлағаты қазақтың санасына сіңген емес пе?! Үй иесі қуанып, әкімге алғысын жаудырды. Келінтөбенің әкімі Жақсылық Әбілхайыров және ауыл ақсақалдары аудан басшысының құттықтай келгенін жақсылыққа балап, қуанышты арттырғанын сөз етті.
Қуаныштың мәні мынада: екі ай бұрын келінтөбелік жастардың бастамасымен Шырынкүлге жаңадан үй тұрғызуды бастайды. Алдымен 1993 жылғы ауыл жастары асарлатып іргетасын құяды. Сосын 2001-1982 жылғы азаматтар бірлесе жүріп қабырғасын өріп, шатырын жабады. Терезесін салып, ішкі құрылыс жұмыстарын Жакен Құрманбеков пен Қазбек Өтебековке тапсырады. Екі құрылыс шебер тездетіп істі қолға алып, еден салу, ішкі әрлеу ісін бітіреді. Осылайша аз уақыттың ішінде бір отбасы қуанышқа кеңелді.
Ауыл жастарының ұйымшылдығына ауызбір­шілігіне тоқталған Руслан Рүстемұлы:
– Көмек қажет ететін отбасыға қолұшын созып, қамқорлық көрсететін асардың қоғам дамуында мәні зор. Сондықтан қоғамның қозғаушы күші болатын игі дәстүрді қайта жаңғырту аса маңызды іс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауының мәні де осында жатыр. Қайырымды қоғам бәсекеге қабілетті, өміршең болады. Қазақтың өзгелерден басты артықшылығы да осы қасиеті. Осындай игі дәстүр Келінтөбе ауылында жаңғырғаны қуантты. Ауылдағы жастар ігі істі жаңғыртып, асарлатып жатқанда бей-жай қалғаным дұрыс болмас... Бой көтерген шаңырақ шаттыққа толып, берекелі болсын. Елдегі жағымды жаңалықтарды көріп отырсын деп теледидар әкелдік, – деді.
Үй иесі Шырынкүл Бекетова бастамашыл азаматтар Құнанбай Салыбеков, Дәулетхан Көшербаевқа алғысын жеткізді.
Келінтөбедегі қайырлы істі көріп 20 жыл бұрынғы оқиғалар ойға оралды. Ол кезде ағайын-туыс, дос-жараңдардың қорасын көтеруге, сарайын соғу үшін асарға араласып, белсенділік танытатын едік. Әйтеуір бітпейтін асарлар еді. Көпшілікпен атқарған іс қызықты әрі өнімді болатын. Сол кезде бой көтерген үйлерді көргенде балалық шағым есіме түседі де тұрады. Содан болар біз бауырмал болдық. Көпшіліктің ісіне бейім өстік.
Әрине әкім айтқандай, Президенттің еріктілер жылын жариялауының астарында – асар әдісін қайта жаңғырту талабы тұр. Мұндай бастаманы шынайы қолдаған келінтөбелік жастардың ісі көпке үлгі екенін айту керек-ақ...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
28 қазан 2020 ж. 481 0