№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ҚазТрансГазӨнімдері» ЖШС және «ҚТЖ» ҰК» АҚтепловоздарда сұйытылған газды қолдану туралы келісімге қол қойды

«ҚазТрансГазӨнімдері» ЖШС және «ҚТЖ» ҰК» АҚтепловоздарда сұйытылған газды қолдану туралы келісімге қол қойды

Нұр-Сұлтан қ. 2020жылғы 24 қыркүйек
«ҚазТрансГаз» АҚ еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 797 қаулысын назарға ала отырып, газды-дизельді қозғалтқышы бар тепловоздарда сұйытылған табиғи газды (бұдан әрі - СТГ) қолдану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас инженеріБатыр Котырев және «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры (басқарма төрағасы) Алик Әшіров қол қойды.
Келісім СТГ-ні дизельді қозғалтқышы бар тепловоздарда қолдану, сынақтарды өткізу және СТГ жеткізу орындарын айқындау бойынша жүйелерді енгізу жоспарын әзірлеу мен іске асыруға бағытталған шаралар кешендерін қамтиды.
Келісімді іске асыру шеңберінде ақпаратпен, ұсыныстармен, идеялармен және пікірлермен өзара алмасу үшін жұмыс тобы құрылды.
Батыр Котырев«ҚТГ» ҰК» АҚ әркез жұмыста озық технологияларды қолдана отырыпуақыт талабынан қалмауға тырысады, әрі тек қана сенімді серіктестермен ынтымақтасатындығын айтты. Сұйытылған газ, бұл үнемді, ең бастысы экологиялық отын және оны тепловоздарда қолдану тек қана оң нәтижелер көрсетуі тиіс.
«ҚазТрансГаз» АҚ елдің көлік секторын жаңғырту және оны дизельді отыннан табиғи газға ауыстыру бойынша үлкен жұмыс атқаруда екендігін ескеру қажет. Алматы, Талдықорған, Шымкент, Түркістан, Тараз, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау қалалары әкімдіктерімен муниципальдық техниканы және әлеуметтік автобустық парктерді экологиялық отынға ауыстыру туралы келісімдер жасалып қойды.
Бұдан бөлек, елдің негізгі автомагистральдарында автомобильдік газ толтыру компресорлық станциялары, криогендік автомобильдікжанар-жағар май станцияларының желілерін кеңейту жобаларына, аз тонналы зауыттарда СТГ өндіру бойынша инновациялық жобаларға бастама жасалды және іске асырылуда.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз-қызметі
тел: +7(7172) 55 23 16
24 қыркүйек 2020 ж. 407 0