№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті тәрбиелеу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті тәрбиелеу


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алғышартты қадамы ол,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру.
Қоғамдық сана;әдептілік (адамгершілік), саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана болып бөлінеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-бұл адамдардың сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылық ретінде қабылдауды білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен көзқарастар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана -адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықты көрсетіп  береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың функциялары бар олар, -танымдық, реттеуші, бағалаушылық,болжамдық .
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың танымдық функциясы- сыбайлас жемқорлықты  құқық бұзушылық ретінде танып,ол туралы білімді жинақтап, оның негізінде адами өзара қарым-қатынастарды орнатудан тұрады.
Реттеуші функциясы.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана- қоғамда өте маңызды,қажетті  бағыттар беру арқылы  реттеуші болады.
Реттеу нәтижесіндеадамдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы болады.
Бағалау функциясы өмірлік тәжірибе мен практика негізінде, өмірдің әртүрлі жағы мен құбылыстарына жеке  адамның қатынасын және көзқарасын білдіреді.Әдеп нормасы мен заңдар бағалау объектісіне айналады.Нақты айтқанда,бағалау функциясы адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қатынасын анықтап береді.Бағалау функциясының көмегімен адамдар этикалық кодекске, құқық пен заңнамаға, құқық қорғау органдарына, азаматтық қоғамға,атқарылатын міндеттерге, айналасындағылар мен өздерінің де сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын  бағалайды.
Болжамдық функция әдеп пен құқықтың болашақтағы жай-күйін,қоғамдағы адамдардың психологиясын  көре білу мүмкіндігінен тұрады.
Демек,сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудан  басталады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың нәтижесінде қоғамда бірлік,әдеп,игі адами қарым-қатынас пен ұйымшылдықсақталады .
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет құқық пен адамгершілікті қамтиды,оныңерекшелігі осында.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру болып табылады.Қоғамда адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру өте  маңызды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-ол тек қана сана  емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру барысында,адамдар сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды  қолдау керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары әдеп, құқықтық мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды  қоғамның барлық азаматтар  игеруі тиіс.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Заңының 9-бабында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі»-дейді.Ол білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.Осы жерде,сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесі дегеніміз не?Ол қандай құндылықтар деген сұрақтар пайда болады?
Қоғамда  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  қалыптастыру мынаны көздейді:
-сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?Сыбайлас жемқорлықтың қандай түрлері бар?-деген, сұрақтарға жауап іздеу;
-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу;
-құқықтық сауаттылық;
-қоғамда адамдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға  ынталандыру;
-мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне қарсы болу.
Мынадайқызметтерді орындау қажет:
-сыбайласжемқорлыққақарсы  сана, сыбайласжемқорлыққақарсытұра білу қабілетін  қалыптастыру;
-сыбайласжемқорлық» сөзініңөзінқабылдамау, адамгершілікпентойтарыс беру;
-құқықтықжаппайоқуарқылықұқықтықбілім мен тәрбиеніқамтамасызету.
Сыбайласжемқорлыққақарсымәдениет-қоғамда адамдардыңтыныс-тіршілігінқамтамасызетугебағдарланған, сондықтаноның нақты қызметісыбайласжемқорлық,адамгершілік,заңдылық,экономикалық,экологиялық,психологиялықкөріністерді болжайбілу.
Сыбайлас жемқорлықтың шығу себептерін жойып отырып,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылды  жандандырған жөн.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда  заңнаманың сапалы болуы, құқық қолдану практикасы,тиісті міндеттемелерді сақтау, азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау  өте маңызды.
Әдептілік-құқықтық қағидаттарды білу мен ұтымды конформистік сенімдерді үйлестіру-қоғам өміріндегі тәртіптіліктің қуатты факторы.
Қорытындыда,сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейі жоғары болса,азаматтар  қоғамда  сыбайлас жемқорлықтың тұрақсыз екенін  сезінетін дәрежеде болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің міндеті-сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру,сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы болу, оларды жария түрде жоққа шығару болып табылады.

Дулатов Ықлас Дулатович,
Ақпараттық -ағартушылық штабының мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты.
23 қыркүйек 2020 ж. 12 914 0