№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты


Республиканың солтүстігінде күн салқындайды, оңтүстікте де температураның төмендеуі байқалады. Қазгидромет болжам жариялады, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті
sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктер Қазақстанда 5-7 қыркүйекте ауа температурасы төмендейтінін хабарлады. Демалыс күндері солтүстік-батыс антициклон әсерімен салқын, бірақ құрғақ ауа райы келеді. Бұл, әсіресе, елдің батыс және оңтүстік облыстарына байқалады.
Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы күндіз 17-25 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр. Солтүстік және шығыс облыстарына Таймыр аудандарынан суық ауа келіп, нәтижесінде ауа температурасы төмендейді.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтан
5 қыркүйекте астанада ауа райы бұлтты болып, аздаған жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы секундына – 3-7 метр. Түнде ауа температурасы 8-11 градус, күндіз – 10-12 градус жылы.
6 қыркүйекте ауа райы бұлтты болып, аздаған жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы секундына – 4-10 метр. Түнде ауа температурасы 8-9 градус, күндіз 12-13 градус болады.
7 қыркүйекте көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады, жылдамдығы 6-13 м\с жел соғады. Түнде ауа температурасы 8-9 градус, күндіз – 9-10 градус.
Алматы
Синоптиктер 5 қыркүйекте Алматыда ауа райы ашық болады деп болжады. Желдің екпіні секундына 1-5 метрге жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы +18-20 градус, күндіз 25-27 градус жылы болады.
6 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауады. Екпіні секундына 1-6 метр болатын жел соғады. Түнде ауа температурасы 19 градус, күндіз 24-25 градус жылы болады.
7 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, аздап жаңбыр жауады. Секундына 2-10 метр екпінмен жел соғады. Түнде ауа температурасы 15-16 градус, күндіз – 18-20.
Шымкент
5 қыркүйекте Шымкентте жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Екпіні секундына 2-7 метр жел соғады. Түнде ауа температурасы 19-21 градус, күндіз 29-30 градус болады.
6 қыркүйекте дәл солай жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Желдің екпіні – секундына 4-10 метр. Түнде ауа температурасы 19-21 градус, күндіз 24-25 градус жылы болады.
7 қыркүйекте ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды. Желдің екпіні – секундына 2-12 метр. Түнде ауа температурасы 12-14 градус, күндіз 21-24 градус жылы болады.


04 қыркүйек 2020 ж. 592 0