№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » 4 мамыр күні – Қазақстанның сегіз облысында найзағай ойнап жаңбыр жауады

4 мамыр күні – Қазақстанның сегіз облысында найзағай ойнап жаңбыр жауады

4 мамыр күні Қазақстанның сегіз облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Казгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жел күшейіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Осыған орай, аталған облыстарда дауылды ескерту жарияланды. Ал, Қазақстанның қалған аймақтарында жауын-шашынсыз, ашық ауа-райы сақталады.
4 мамыр күні Астанада қысқа мерзімді жауын жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 29 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда ауа райы бұлтты болады, жаңбыр жаумайды. Ауа температурасы күндіз 30 градус жылылықты көрсетеді.
04 мамыр 2020 ж. 1 024 0