Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Парасаттылық – парақорлықтан азат қоғамды қалыптастырудың кепілі

Парасаттылық – парақорлықтан азат қоғамды қалыптастырудың кепілі


Бүгінгі күнгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі міндеті – парасаттылық идеологиясын ілгерілете отырып, жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Өткен жылдың соңында қабылданған заңнамалық түзетулерге сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешенін қабылдау арқылы парасаттылық қағидаттарын енгізу мәселелерінде үйлестіру функциясын белсенді іске асыруда.
Анығында, бұл тұжырымдама ұлы даланың іргелі құндылықтарымен біте қайнасып жатыр. Соның ішінде, қазақ даласының ұлы перзенті Хәкім Абай 19 ғасырда «Толық адамға» тән негізгі қасиеттерді тізбектей келе, пайым-парасатқа тұнық тұлға үшін бастысы адалдық пен білімге деген ұмтылыс екендігін елеп-екшеп көрсеткен.
Осы орайда, Агенттіктің жаңа құрылымын қалыптастыру кезінде мемлекеттік аппараттың жариялылығын, қолжетімділігін, ашықтығы мен айқындылығын және адалдық пен пара алмаушылық идеологиясын тұрғындар арасында кең көлемде насихаттау мақсатында Парасаттылық департаментін құру туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, Елбасының тапсырмасы бойынша іске қосылған «Адалдық алаңы» – «сыбайлас жемқорлықтан азат өңірлер» жобасы парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың берік іргетасын қалап, бүгінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың бірегей жобасына айналды.
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолайлы жағдайлар жасау және қоғамдық бақылау құралдарының пәрменді іске асырылуын қамтамасыз ету – аталған Жобаның алдына қойған нақты міндеттері болып табылса, Жобаның мызғымас бөлігі – ел азаматтары мен қоғам өкілдерінің азаматтық белсенділік таныта отырып, қоғамдық бақылауды күшейтуге және адалдық идеологиясын ілгерілетуге жұмыла атсалысуы болып отыр.
Ел игілігі жолында осы бір ортақ мақсатты жүзеге асыру мақсатында орталық мемлекеттік органдар мен  өңірлер арасында  Жоба жетекшілері тағайындалып, қазіргі таңда қоғамдық кеселдің алдын алу жолында және оның жолын кесуде қарқынды жұмыс жүргізуде.
Анығында, ашықтық пен қолжетімділік қағидаттарының жүйелі түрде жүзеге асырылуы –мемлекеттікоргандардың сапалыәрі қолайлы қызмет көрсетуіне ықпал етуде.
Атап айтсақ, бүгіндеауылдық деңгейге дейінгі 200-ге жуық әкімдіктер азаматтарға қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшсе, жергілікті тұрғындардың талап-тілегіне құлақ түру үшін ел бойынша 1000-нан астам оpen space үлгісіндегі кеңселер мен 750-ден астам фронт-офистер ашылып, ел игілігі жолында қызмет көрсетіп келеді.
Нәтижесінде, қоғам өмірінде ашықтықты қамтамасыз ету арқылы сыбайлас жемқорлық деректері туындайтын себептер мен жағдайлардың деңгейі төмендеуде.
Парасаттылықтың басты құндылығы – мемлекеттік қызметшілер тарапынан әрбір азаматтың мәселесіне терең үңілуге және қос тараптың қарым-қатынасы нәтижесінде туындайтын әкімшілік кедергілер мен негізсіз әуре-сарсаңдарға жол берілмеуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Мұндай оң өзгертулер лауазымды тұлғалардың таным-түйсігін арттыра түсіп, мұң-мұқтажы мен жанайқайын арқалап келген азаматтардың мәселелеріне жақындай түсуіне едәуір ықпал етуде.
Осы орайда, Агенттік осы жобаның үйлестірушісі ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың еш кедергісіз және жедел түрде кері байланыс орнатуына мүмкіндік беретін бірден-бір ашық органга айналып отыр.
Еліміздің 16 өңірінде ашылған Antikor-сервистік орталықтарында әрбір азаматтың сапалы құқықтық көмек пен кеңес алуына толық мүмкіндік қарастырылған.
Бүгінде ел аумағында ашықтық пен айқындылықпен қатар, азаматтар үшін мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты ұсынылатын ақпараттардың барынша қолжетімділігіне Агенттіктің тарапынан баса назар аударылуда.
Мәселен, жалпыға қолжетімді сервис –«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» мемлекет тарапынан бөлінетін бюджет қаражатын әр азаматтың көріп, бақылауына және тиімді игерілуі бойынша пікірлер мен шағымдар қалдыруларына толық мүмкіндік беретіндігімен ерекше.
Бүгінде Картада 7,2 трлн теңгеден астам бюджет қаражаты ашық түрде жарияланған.
Сондай-ақ, парасаттылық мәдениетін қалыптастыруда бүгінгі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мемлекеттік органдар мен қызметшілердің халық алдында есеп беруі мен ашықтықты қамтамасыз етуінде жаңа интерактивті онлайн-жобалар қолданылуда.
Соның ішінде, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және түйткілді мәселелерін шешуге бағытталған «Adal kómek» еріктілер жобасын ерекше атап өткен жөн.
Танымал әлеуметтік желілерде жалпы саны 1000-нан астам онлайн кеңес беру арқылы бүгінде жалпы ел көлемінде 11 мыңға жуық сұрақтың түйіні шешіліп,ел азаматтарына «Adal kómek» жобасы аясында сан түрлі сала мамандарынан құқықтық көмек көрсетілді.
Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет туралы халықты үздіксіз ақпараттандыруды қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарқынды күрестегі жаңашылдықтарды түсіндіру үшін «Antikor.LIVE» жобасы іске қосылып, осы күнге дейінәлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды толғантқан түрлі тақырыптар бойынша 1 800-ден астам «тікелей эфир» өткізілді.
«Antikor.LIVE» жобасы әр күн сайын тұрақты негізде тікелей эфирге жол тарту арқылы қысқа мерзім ішінде өзекті мәселелер бойынша ақпарат таратудыңең тиімді тетігіне айналды.
Осы жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар мен жаңашылдықтарға орай, 1 500 сыртқы сарапшы-спикерлер, соның ішінде мемлекеттік органдардың басшылары мен түрлі сала мамандары және қоғам қайраткерлері өз ой-пікірлерімен бөлісіп, тікелей эфир арқылы әлеуметтік желі қолданушыларына ақпарат берді.
Мұндай жұмыс форматы мемлекеттік орган басшыларының азаматтарды қалыпты жағдайдағы қабылдау деңгейімен салыстырғанда, азаматтардың Агенттікке шектеусіз жүгінуге болатындығын көрсетіп, өзекті мәселелерді өз уақытында шешудеөзіндік тиімділігі мен артықшылықтарын көрсетуде.
Бүгінгі күні парасаттылыққа негізделген қоғамды құруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім көзін алуды мектеп қабырғасынан бастауға баса назар аударылып келеді. Себебі, еліміздің өскелең жас буыны, оның ішінде болашақ мемлекеттік қызметшілер де шығуы мүмкін жастардың кез-келген сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына мүлдем төзбеушілік пен адалдық, әдептілік, заңдылық, сатылмаушылық, әділдік, рухани тұрақтылық сынды құндылықтарға ие болуына айрықша басымдық берілуде.
Сондықтан да, 2019 жылдан бастап еліміздіңжоғары сынып оқушылары мен студенттері арасында парасаттылық идеологиясының ауқымын кеңейтуге және терең білімнің маңыздылығын түсіндіруге бағытталған жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» акциясы бастау алған болатын.
Бүгінде коронавирустық инфекцияның таралуына қарамастан, білім алушыларды адалдық пен әділдік сынды құны биік қасиеттерге үндейтін бұл игі дәрістер өз маңыздылығын жоғалтпай, тікелей кездесулер онлайн-дәрістерге көшу арқылыөз жалғасын табуда.
Бұдан бөлек, Агенттік ұлы ойшылдардың еңбектерін кеңінен насихаттау – саналы қоғамды тәрбиелеудің тиімді тетігі екендігін назарға ала отырып, ересектер мен жас ұрпақ арасында ұлттық құндылықтарға басымдық беру арқылы парасатты қоғам құруды қолға алды.
Мысалы, 2020 жылдың мамыр және шілде айларында әділдікті арқау еткен «Адалдық сағаты»–«Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» және «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» тақырыптары бойынша жалпыреспубликалық деңгейде ұйымдастырылып, бейне-дәрістер республикалық және өңірлік телеарналарда көрсетілді.
Сондай-ақ, оларды әлеуметтік желілерде орналастыру мектеп оқушылары мен студенттермен тиімді кері байланыс орнатуға және олардың қоғам өмірінде жиі кездесетін әлеуметтік індетпен қарсытұруда белсенділік танытуларына айрықша серпін беруде.
Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процестеріне ішкі ықпал ету қажеттігін ескере отырып, барлық жоғары оқу орындарында көлеңкелі қылмыс түріне дербес жауапты адамдар айқындалған.
Олардың жүйелі жұмыстарын қамтамасыз ету үшін арнайы әдістеме әзірленіп, оның көмегімен жоғары білім беру ұйымдарындағы мүдделер қақтығысын анықтауға және білім ошағының ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етуге толық мүмкіндік қарастырылған.
Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары стандарттарға ие 11 қазақстандық жоғары оқу орны академиялық адалдық Лигасына бірігіп,одан бөлек жалпы білім беретін және орта-арнайы мекемелер үшін парасаттылық мектептері лигасын құруға бастама жасалуда.
Ел ертеңін қалыптастырушы жастар арасында адалдық, парасаттылық, сенім құндылықтарын кең көлемде дәріптеу мақсатында Агенттіктің сенімді серіктестері ретінде бүгінде жалпы саны 8 мыңға жеткен мектеп оқушылары мен студенттер «Adal Urpaq» ерікті мектеп клубтары мен «Sanaly Urpaq» жобаларына біріктірілген.
Сыбайлас жемқорлықтың отбасыға тигізер себебі мен салдарын, мемлекетке тигізер зардабы мен залалын әлеуметтік тұрғыдан көрсете отырып түсірілген бейнематериалдар оң мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруға, қатып қалған көзқарастарды өзгертуге және заң аясында іс-әрекеттер жасауға дәріптейді.
Мысалы, теледидарда көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы бейнероликтер жасап жатқан іс-әрекеттерімізді бір сәт сүзгіден өткізуге және жас буынның болашағына тигізер әсерін байқай отырып, саналы әрекет етуге бағытталуда.
Қорыта келгенде, іске асырылып жатқан шаралардың тиімділігін әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері арқылы байқауға болады.
Бүгінде «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының бағалауы бойынша қазақстандықтардың шамамен 70% - ы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге үшін өз үлестерін қосуға дайын екендігі белгілі болып отыр.

Ғанижан Асанұлы,
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Парасаттылық департаментінің директоры
26 тамыз 2020 ж. 468 0