ZOOM платформасы арқылы онлай режимінде кездесу өткізді
«Antikor ortalygy» сервистік орталығында 2020 жылғы 19 тамыз күні Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры, заң ғылымының кандидаты Мадалиева Ақзада Алайдарқызы және Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы ZOOM платформасы арқылы онлай режимінде кездесу өткізді.
Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, парасаттылық қағидаларын насихаттады.
Кездесуге өңіріміздегі қалалық, аудандық және кент әкімдіктерінің аппарат басшылары мен қалалық, аудандық мәслихат хатшылары қатысты.