№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Үкімет қазақстандық дәрі­герлер үшін төлем мөлшерін бекіт­ті

Үкімет қазақстандық дәрі­герлер үшін төлем мөлшерін бекіт­ті

   "Жаңақорған тынысы" «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің мәліметінше, 2020 жылдың наурыз айында Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің еңбекақысына 150,9 млн. теңге үстемеақы бөлінді.

«Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының ди­рек­торы Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, ағымдағы жылдың наурыз айында COVID-19 коронавирусының таралуының алдын алу және ин­фекция жұқтырған науқастарды емдеуге 238,8 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ эпидемияға қарсы шара­ларға тартылған медициналық неме­се медициналық емес ұйым­дардың қызметкерлеріне 150,9 млн теңгеден астам үстемеақы қарас­тырылды.
Сонымен қатар полимеразды тіз­бекті реакция арқылы биологиялық материалдан COVID-19 вирусының РНҚ (рибонуклеин қышқылы) анық­тау үшін диагностикалық зерттеуге 60,2 млн теңге бөлінді.
– Қордың облыстық филиалы 2020 жылғы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндеттемелер мен төлемдер бойын­ша жеке қаржыландыру жос­парын өзгерту үшін тиісті өтінім жолдады, – деді Б. Исмаханбетов.
Еске салайық, Мемлекет басшысы індетпен күрес жүргізетін медицина қызметкерлерін қолдау міндетін жүктеді. Үкімет қазақстандық дәрі­герлер үшін төлем мөлшерін бекіт­ті. Қаулыға сәйкес, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлері 212 мыңнан 850 мың теңгеге дейін алады.
Облыстық филиал директоры төлемдер коронавирусты жұқтыру қаупі бар үш топ бойынша нау­рыз, сәуір, мамыр айларында жүр­гізілетінін атап өтті.
  Қауіптілігі аса жоғары – жан­сақтау бөлімшелерін қоса алған­да, инфекциялық стационар дәрі­гер­лері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 20 ең төменгі жалақыны құрайды (жала­қының ең төменгi мөлшерi – 850 мың теңге).
Қауіптілігі жоғары – провизорлық ста­ционарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 10 ең төменгі жалақы – 425 мың теңге.
  Қауіптілігі орташа – карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, сани­тарлық дәрігерлер (мемлекеттік қыз­меткерлер), жедел жәрдем жүр­гізушілері және т.б. Үстемеақы 5 ең төменгі жалақы немесе 212,5 мың теңгені құрайды.

Жұпар ШӘЙМЕРДЕНОВА
14 сәуір 2020 ж. 781 0