№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны ұйымдастырылуда

«Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны ұйымдастырылуда


«Халық үніне құлақ салатын мемлекет» тұжырымдамасын тиісті деңгейде іске асыру шеңберінде,Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасы негізінде, АгенттіктіңҚызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен2020 жыл басынан тұрақты түрде әр айдың 11-14 күндері «Антикор орталығының» ғимаратында«Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны ұйымдастырылып келеді.
Бүгінгі күні азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі.
«Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаныжыл басынаноблыс бойынша 21 рет ұйымдастырылып, жалпы 700 ден аса азамат әр-түрлі сала бойынша, яғни әлеуметтік, денсаулық, жер, тұрғын үй қатынастары, ауылшаруашылық, тағы басқа да өзкеті мәселелері бойынша тиістімемлекеттік органдардыңбілікті мамандарынан, заң саласының танымал заңгерлерінен (адвокат, нотариус, сот орындаушылары,) қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен Арнайы мониторингтік топ мүшелерінен тегін құқықтық кеңестер алды.
Қазіргі уақытта карантиндік жағдайға байланысты бұл дәстүрлі науқан онлайн форматына ауыстырылды және шараның өтетін уақыты, қай сала өкілінің қатысуымен өткізілеті туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініңҚызылорда облысы бойынша департаментініңресми сайтында жариялануда.
Бұл ретте, ағымдағы жылдың 14 шілдесінде сағат 10.00-де өткізілген «Халық заңгері» науқанына тікелей эфирде яғни, фейсбук әлеуметтік желілері арқылы облысқа белгілі, білікті нотариустер Г.Ашимова мен Е.Жалғасбайдың қатысуыларыменөтті.
Аталған шараға онлайн режимінде, яғни тікелей эфирден бірнеше сағатта 285 қаралым жасалып, азаматтар қойылған сұрақтары бойынша жауаптар алды.
Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, аталған нөмірге қоңырау шалу тегін және сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық бойынша түскен хабарламалар міндетті түрде қаралады.
15 шілде 2020 ж. 503 0