Соңғы жаңалықтар

Қызылша ауруы жайлы!

20 тамыз 2025 ж. 850

БІЛІМ ОШАҚТАРЫН АРАЛАДЫ

19 тамыз 2025 ж. 1 501

№62 (8876) 19

19 тамыз 2025 ж.

№61 (8875) 16

16 тамыз 2025 ж.

№60 (8874) 12

12 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қашаннан бастап 42 500 теңге алуға өтініш беруге болады

Қашаннан бастап 42 500 теңге алуға өтініш беруге болады


Шілде айында жұмысынан айырылған азаматтарға тағы 42 500 теңге төленеді, деп хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасаған zhanaqorgan-tynysy.kz.

Төлемді алу үшін қашаннан бастап өтініш беру керектігі туралы ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ брифингінде айтып берді.
«Жоспар бойынша жұма күні бүкіл портал өтініш беруге ашық болады. Ал дүйсенбі күннен бастап, яғни 20 шілдеден бастап төлемдерді тағайындауға кіріссек деп отырмыз. Сондықтан жұма күнге дейін өтініш беріп әуре болмаңыздар. Жұма күні порталдарды ашамыз», - деді министр. 
Бейсенбі күні өтініш беруге қатысты толығырақ ақпарат берілетінін айтып өтті.
Министрдің айтуынша, өтініш беру үшін 42500.enbek.kz порталы, egov.kz порталы, өз бетінше жұмыспен қамтылған жеке тұлғалар үшін Телеграм боттар жұмыс істейтін болады. Оған қосымша қазір Каспи банк пен Халық банк осындай порталдар құрып, халықтың өтініштерін қабылдауға ниет білдіріп отыр.
Айта кетсек, бұл төлем жұмыс істеп жүріп төтенше жағдай кезінде өзінің табысынан, алып жүрген жалақысынан айырылған азаматтарға беріледі. Олар жалдамалы қызметкер, жеке кәсіпкер және өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтар болуы мүмкін.



14 шілде 2020 ж. 406 0