№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мұқтаж жандарға тегін көмек

Мұқтаж жандарға тегін көмек

Елдегі эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті. Аудандағы науқастардың саны күрт өсіп, еміне шипа іздеген тұрғындар дәрі іздеп әлек. Кенттегі дәріханаларда ұзын-сонар кезекті көресің. Тұрғындар арасында дәрі-дәрмек алуға қалтасы көтермейтіндер де бар. Ал ауруханада жатқан науқастарға өкпені жасанды тыныстандыратын аппараттар жеткілікті ме? Осының ескерген аудандағы белсенді азаматтар мен кәсіпорындар көмекке асықты.

Міне осындай жандарға «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қоры қол ұшын созып, сауапты іске мұрындық болды.
Дәулет Тұрабаев бастаған ерікті жастар жергілікті дәріхана иелерімен байланыс орнатып, ауырып жатқан тұрғындарға қажетті дәрілердің тізімін жасақтады. Содан кейін әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы 7 отбасына дәрігердің жазып берген рецепті бойынша қажетті дәрілер сатып алынды. Оның ішінде: парацетамол, метрит, цеф3, Витамин В1, В6, цефазилин, цитрамон тағы да басқа дәрі-дәрмекті үйінен ем қабылдап жатқан тұрғындарға жеткізді.
– Мұндай іске кез келген азамат ұйытқы бола алады. Өйткені ауырып жатқан жандарға жәрдемші болу ең сауапты істің бірі. Аға буын, іні-қарындастарымызға Алла разы болсын. Қолдан келгенше елмен бірге болып, мүмкіндігінше көмек көрсетуге тырысамыз, – деді Д.Тұрабаев.
Иә, еріктілердің ел үшін жасап жүрген ерен еңбектері мақтауға лайық. Ал бүгінгі істеріне разы болған тұрғындар әлеуметтік желі арқылы алғысын білдіріп, рахмет айтуда.
Жоғары айтқандай, дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар тек дәріханаларда ғана емес, ауруха­наларда да тапшы екені түсінікті. Жоғары билік осыны шешудің жолын іздестіруде, дегенмен көмек қолын созуға ниетті жандар шама-шарқынша белсенділік танытуда. Жаңақорған кенті аумағында орналасқан «Пре­миум Класс Строй» ЖШС әк зауыты ұжымы аудандық ауруханада ем алып жатқан науқастар үшін 120 дана оттегі балондарын алып берді. Жаны жомарт зауыт басшысы Марлен Искаков пен ұжымына ақ халаттылар мен ем қабылдап жатқан жерлестері алғыс білдіруде.
Сондай ақ, аудандағы ірі кәсіп­орындар, атап айтсақ «Шалқия Цинк ЛТД», «Қызылқұм», «Байкен U», «СКЗ-U» ЖШС өндіріс орны да бұл игі шараға атсалысуда.
Құрметті аудан тұрғындары, кәсіп­керлер, жалпы еңсесі түскен елдің тілеуін орындай алатын азаматтарға құлаққағыс болсын немесе бүгінгі іс үлгі болсын. Сондықтан игілікті істен сырт қалмай, жұмыла көтере, жүгімізді жеңілдетуге күш-жігерімізді салсақ игі. Ең бастысы, ел аман, жұрт тыныш болып, індеттен ертерек жазылып шығайық...
11 шілде 2020 ж. 548 0