PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (8361) 2

02 маусым 2020 ж.

№40 (8360) 30

30 мамыр 2020 ж.

№39 (8359) 26

26 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Мақтаралда тағы бір ауылды су баcып, аудан орталығынан 12 мың адам көшірілді

Мақтаралда тағы бір ауылды су баcып, аудан орталығынан 12 мың адам көшірілді


Су басу қауіпіне байланысты төтенше жағдай қалыптасқан Мақтаарал ауданының орталығынан бір түнде 12 мыңдай адам көшірілді, деп хабарлайды
Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап zhanaqorgan-tynysy.kz.

Аудан орталығы Мырзакент тұрғындары түнімен Атакент кентіне тасымалданды.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, халықтың көшуін қамтамасыз ету мақсатында 68 автобус бөлінген. Ал адамдарды оқшаулауға арналған Атакент кентіндегі орындар бойынша қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
Оқшаулау орындарына барған тұрғындар ең алдымен есік алдындағы медицина мамандарының арнайы блокпостына тіркеліп, коронавирусқа тексерістен өткеннен кейін ғана оқшаулау орындарына жіберілген.
Төтенше жағдайға байланысты ауданда 18 эвакуациялық орындар нақтыланды. Олар Атакент, Мақтарал, Жамбыл елдімекендерінде әзірленді. Апаттан құтқару жұмыстарына 630 адам мен 2 су көлігі және 56 техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар, қауіпті аймақтағы азаматтар мен үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіру шаралары ұйымдастырылып жатыр. Аталған шараларға Келес, Жетісай, Шардара, Сарыағаш аудандарының әкімдіктері көмектесіп жатыр.Дегенмен, қауіп әлі сейілген жоқ. Су басқан орындардың қатарына Өргебас ауылы да қосылды.
"Бүгін таңғы 05.00-тен бастап 250 үйі суға батқан Фердоуси ауылы бағытынан Жаңажол ауылдық округінің Өргебас елдімекеніне қарай су келе бастады. Екі ауылдың ара қашықтығы - 3 шақырым. Таңғы 8.00-де су Өргебас елді мекенінің 194 үйін басып қалды. Ауылдың 1451 тұрғыны эвакуацияланды. Көшіру барысында зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады облыс әкімдігі.
Еске салайық, 1 мамыр күні Сардоба су қоймасы бөгетінің шайылуы салдарынан Өзбекстанның Сырдария облысындағы елді мекен су астында қалды. Соның салдарынан Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы шекара маңындағы бірнеше коллектор суға толып қалған. Мақтааралдағы орталық коллектордан су төгіліп, Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кетті. Облыстық маңызы бар "Мырзакент - Жеңіс - Жаңа тұрмыс" автомобиль жолын су басып, көлік жүре алмай қалған.

03 мамыр 2020 ж. 67 0