№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Коронавирусты 48 сағат ішінде емдейтін препарат табылды. Ол қанша тұрады?

Коронавирусты 48 сағат ішінде емдейтін препарат табылды. Ол қанша тұрады?

Австралиялық Монаш университетінің және Мельбурндегі корольдік госпитальінің ғалымдары антипаразитарлы препараттың әсері коронавирустың рекордтық мерзімде таралуын бәсеңдететінін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Зерттеу туралы деректер Antiviral Research басылымында жарияланды.
Аталмыш препараттың вирусқа қарсы әсері бар және 48 сағатқа дейін жасуша популяциясында SARS-CoV-2 көбеюін тежей алатыны анықталыпты.
Зертханалық жағдайда зерттеушілер коронавирус жұқтырған жасушаға ивермектиннің әсерін талдады, олар жұқтырғаннан кейін екі сағаттан кейін дәріні қосты. Бір препараттың бір дозасының арқасында 24 сағаттан кейін вирустық РНҚ саны 93%-ға, ал екі тәуліктен кейін – 99%-ға төмендегені анықталды.
Зерттеушілердің мәліметтері бойынша, 48 сағаттан кейін бұл нәтиже бақылау үлгілерімен салыстырғанда ивермектинмен өңделген жасушаларда вирусты РНҚ-ның 5000 есе төмендеуіне дейін артты.
Бұл ретте эксперимент кезінде ивермектин үлгілерге улы әсер еткен жоқ.
Ғалымдар олардың жұмысы коронавирусты жұқтыру жағдайында дәрі-дәрмектерді қолдану үшін зерттеуді бастауға көмектеседі деп үміттенеді.
Олардың пікірінше, ивермектин SARS-CoV-2 вирустық жүктемесін төмендетуге, ауру кезіндегі асқынулардың дамуын болдырмауға және инфекцияның адамнан адамға берілуін шектеуге көмектесе алады.
09 сәуір 2020 ж. 615 0