№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда коронавирустан көз жұмған үшінші науқас 204 адаммен байланыста болған

Қазақстанда коронавирустан көз жұмған үшінші науқас 204 адаммен байланыста болған


2 сәуірде Қарағанды облысында тағы алты адамнан коронавирус табылды, оның үшеуі бұған дейін вирустан көз жұмған ер адамның жақындары
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған үшінші науқас 204 адаммен байланыста болған, деп хабарлайды
sputniknews.kz.
2 сәуірде Қарағанды облысында індетке шалдыққан тағы алты адам тіркелді.
"Оның үшеуі – коронавирустан қайтыс болған адамның отбасы мүшелері. Олардың барлығы инфекциялық боксқа жатқызылды", -делінген хабарламада.
62 жастағы ер адам 1 сәуірде Қарағанды қаласында көз жұмған еді. Ол Теміртауда нотариус болып істеген. Ауруханаға бір ай бойы жүгінбеген.
"Қайтыс болған пациентпен 204 адам байланыста болған. Оның ішінде 54-і провизорлық және карантиндік стационарларға жатқызылды, 150-і – үй карантинінде", - деп мәлімдеді коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб сайты.
Сонымен қатар, бүгін карантиндік стационарда жатқан екі пациенттен коронавирус табылды. Тағы бірі үй карантинінде жатқан адамнан анықталды. Осыған байланысты эпидемиологиялық тергеу жүріп жатыр. Ауру жұқтырушының кіммен байланыста болғаны анықталуда.
Қарағанды облысында барлығы 627 адам тәулік бойы бақылауға алынған. Олар 1А және 1Б санатындағы (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Тайланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Мысыр) елдерден келгендер немесе ауру жұқтырғандармен байланыста болғандар.
1087 адам үй карантинінде жатыр.
Соңғы дерек бойынша Қарағанды облысында коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 21 адамға жетті.


02 сәуір 2020 ж. 551 0