№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Коронавирус табылған елорда тұрғыны дәрігерлерге өзі хабарласқан

Коронавирус табылған елорда тұрғыны дәрігерлерге өзі хабарласқан

zhanaqorgan-tynysy.kz. Бүгін елордада коронавирус жұқтырғаны анықталған пациенттердің бірі дәрігерлерге өзі хабарласқан.

Coronavirus2020.kz мәліметінше, коронавирус жұқтырған бірінші пациент 2 наурыз күні Минск-Нұр-Сұлтан рейсінен түсірілген. Лондонда бір ай оқуда болған азамат елордаға келісімен бірден карантиндік стационарға оқшауланған. Қазіргі уақытта ол инфекциялық стационарда жатыр.
Пациенттің ешқандай шағымы, клиникалық өзгерістері жоқ, дене қызуы норма шегінде. Науқаспен жақын байланыста болғандардың барлығы инфекциялық стацонарға оқшауланды. Қазіргі уақытта онымен ұшақ бортында жақын байланыста болғандар анықталып жатыр.
Екінші пациент әйел – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Ол 21 наурыздан бастап дене қызуының көтерілуіне орай медицина мекемелеріне өзі хабарласып, 22 наурыз күні инфекциялық стационарға жатқызылған. Зертханалық зерттеулер жүргізіліп, 24 наурыз күні сынама нәтижесі пациентте коронавирустың бар екенін анықтаған. Пациенттің ешқандай шағымы, клиникалық өзгерістері жоқ, дене қызуы норма шегінде. Онымен тығыз қарым-қатынаста болғандарды анықтау жүргізілуде.
Коронавирус анықталған 34 пациенттің 33-інің денсаулығы қанағаттанарлық, дене қызулары норма шегінде. Бір пациенттің жағдайы тұрақты ауыр, дене қызуы көтерілмеген. Ем-дем коронавирус инфекциясының клиникалық хаттамасына сәйкес жүргіхіліп жатыр. Қажетті дәрі-дәрмек көлемі жеткілікті.
24 наурыз 2020 ж. 572 0