№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жасуша құрылысын бақылайтын микроскоп

Жасуша құрылысын бақылайтын микроскоп


АҚШ-та орналасқан Гоуард Хьюз медицина институтының ғалымдары флюоресцентті микроскопияның жаңа деңгейіне жетті. Олар жасап шығарған микроскоп тірі организмдегі қозғалыстар мен үдерістерді жоғары сапада, үлкен анықтықтап көрсетеді. Микроскоп авторлары, ғалымдар Эрик Бетциг, Штефан Хелл және Уильям Мернер өз жаңалықтарымен алғаш "Science" журналында бөлісіп, тәжірибелерінің нәтижесімен бөліскен. Тәжірибе кезінде балық эмбрионының иммунды жасушасы алынып, бүкіл құрылысы көрінген.   Флюоресцентті микроскопияның мүмкіндігі арқасында биологтар кез келген тірі ағзаның жасушасын сапалы кескінде бақылай алады. Бұл сала бойынша 2014 жылы жоғарыда аталған ғалымдар Нобель сыйлығын иеленген еді.

Олар жасушаның үшөлшемді кескінін визуалды түрде көрсететін микроскопты жарыққа шығарған.  Жақында ғалымдар жетілдірілген нұсқа AO-LLSM микроскобын жасап шығарды. Ол организмдегі динамикалық үдерістерді анық көрсетеді. Технологтар айтуынша, микроскоптың көмегімен жасуша құрылысын жете зерттеуге мүмкіндік туады. Әдетте, жасуша құрылысын көру үшін мықты жарық сәулелерін қолдану керек. Оларды ағзаға бір уақытта түсіру жасушаны зақымдап, тіпті өлтіріп жіберуі мүмкін. Мұны ескерген ғалымдар адаптивті оптика негізінде латентті жарық микроскопиясын қолданған. Ол теріге түсетін зиянды сәулелер күшін тежейді. Тәжірибеге данио балығы алыныпты, ғалымдар нәтижені көргенде айды аспанға шығарғандай қуанғандарын жасырмайды. Себебі, бұл жоба тек теориялық тұрғыда дайын тұрған, ал қазір оны іс жүзінде сынап көруге болады. Микроскоптың ұзындығы 3 метрді құрайды екен. Зерттеушілер қазіргі уақытта оның көлемін кішірейтумен айналысуда.  

Дереккөз: мassaget.kz сайты.
05 мамыр 2018 ж. 1 400 0