Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіпкерлік жас талғамайды

Кәсіпкерлік жас талғамайды


Облыс әкімі биылғы жылды «жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялағандықтан, аймақта кәсіпкерлік ұғымы әр түрлі аудиторияларда кеңейтіліп түсіндіру жұмысы жандана бастады. Мұны жуырда №110 мектеп-лицейінде өткен облыстық семинар практикум бағдарламасынан аңғардық. Рухани жаңғырумен сабақтасқан шараға облыстық педагогикалық шеберлік орталыған мамандар қатысып, пікірін білдірді.
Жеті ауданнан елуге жуық білікті ұстаз бен білім бөлімінің қызметкерлері тәжірибе жинақтауға келіпті. Олар мектептің фоесінде ұйымдастырылған «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының жетістіктері мен қолөнер бұйымдарына қызығушылығын білдірді. Фоеде мектеп жетістіктері, оқушылардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдары, сурет көрмесі және робототехника үйірмесінің жұмысы таныстырылды.
Мектеп кітапханасында мектеп оқушылары «Жаңақорған – дүниежүзілік экономикада» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді. Сынып жетекшісі әрі география пәні мұғалімі Салтанат Сәрсенова оқушыларды аудандағы ірі өнеркәсіп басшылары мен кәсіпкерлермен еркін сұхбаттасуға бағыттады. Балалармен жүздесуге «СКЗ-U» ЖШС цех басшысы Марат Машаев, кадр бөлімінің меңгерушісі Гүлнара Рүстемова, «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ өкілі Қасымхан Тілеубеков, «Қызылқұм» ЖСШ-нің өкілі Бағлан Махамбетов және «Тасболат-А» ЖШС төрағасы Бақытжан Тасболатов қатысты.
Ал, «Жаңақорғанның киелі жерлері географиясынан» сыр шерткен суреттерді таныстырған оқушылар туған жер тарихы туралы терең зерттепті.
«Ted х NIS» «Таратуға тұрарлық идеялар» форматында «Шаңырақ» оқушылар клубының жастары инновациялық идеяларын үш тілде қорғап, қоғамға салмақты ой салды. «Как простые идеи приводят к научным открытиям» идеясын орыс тілінде қорғаған Толғанай Орынбасар команданың қазақша және ағылшынша сұрағына жауап берді. «Оқушыға ұялы телефон не үшін қажет?» тақырыбын көтерген Аружан Нұридинова телефонның артықшылығы мен жағымсыз әсерін сөз етті. «Кітап оқудың маңызы» туралы Жадыра Жұмабек таразылады. Талапты жас Серік Қуаныш «Микрочиптер не үшін қажет?» тақырыбын сөз ете отырып, чиптердің тарихына тоқталды.
Айсұлу Омарованың «Менің бизнес жоспарым» тақыры көпшілікті қызықтырды. Ең алдымен, балалардың кәсіп туралы түсінігін кеңейтіп, ойларын ортаға салды. Шарада балаларды бизнесті түзу ережесін түсіну мақсатында «бизнес жоспар» жасалды. Әрбір бала өз кәсібіннің жоспарын қорғады.
Елдегі саяси өзгерісті бала санасына сіңіру мақсатында «Латын әліпби – ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру негізі» сабағы өтілді. Ашық сабақты қазақ тілі пәні мұғалімі Айнұр Шәдібекова жүргізіп, оқушыларды еркін пікір алмасуға шақырды. Оқушылар «Зерттеушілер», «Ғалымдар» және «Тілшілер» тобына бөлініп, латын қарпіне көшудегі басты мақсаттарды және тиімді тұстарын баяндады.
Мақпал ПАТЕНОВА.
24 наурыз 2018 ж. 1 612 0