Соңғы жаңалықтар

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Президент Тоқаев ертең Қордайға іс-сапармен барады

Президент Тоқаев ертең Қордайға іс-сапармен барады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барады. Сапар аясында Мемлекет басшысы Қордай ауданының тұрғындарымен кездеседі. Бұл туралы "Жаңақорған тынысы" газетінің сайты Kyzylorda-news.kz. ақпараттық сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысы «Қордай ауданында орын алған трагедиялық оқиғаның елімізде енді қайталанбауы үшін мемлекет қандай шаралар қабылдап жатыр?» деген сауалға жауап берді.
«Ертең, 1 наурызда Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барамын. Қордай ауданының қазақтар мен дүнгендер тұратын ауылдарының тұрғындарымен кездесуді жоспарлап отырмын. Біз ұлтаралық, этносаралық қарым-қатынас мәселесіндегі амалдарымызды қайта ой елегінен өткізуге тиісті екендігіміз сөзсіз. Қазақстан достық пен келісім аумағы болды және болып та қала береді. Біздің ұранымыз: сан алуандықтағы бірлік. Осы жерде тұрып жатқан барлық ұлттар, этникалық топтар шындығына келгенде бір ұлт саналады. Шетелді бізді «қазақтар» деп біледі. Өйткені, біздің мемлекетіміздің атауы дәл осы сөзден астасып жатыр», – деді ҚР Президенті.Мемлекет басшысы Қазақстанда тұрақты тұратын әрбір этностың өзіндік ерекшелігіне нұқсан келтірмеуі тиістігін баса айтты.
29 ақпан 2020 ж. 1 130 0