Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 546

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Түзету мекемелерінің тынысымен танысты

Түзету мекемелерінің тынысымен танысты

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, облыс бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаментімен бірлесіп облыстық мекемелер үйіндегі басшылық және атқарушылық тараптағы мемлекеттік қызметкерлерді түзету мекемелерінде қамаудағыларды ұстау жағдайларымен таныстыру тәжірбиесін жалғастыруда.
Бұл жолы Қызылорда облыстық мәслихат пен қаржы басқармасының, жалпы 30 аса мемлекеттік қызметшілері ЗК – 169/1 мекемесінің тергеу изоляторында болды.
Мемлекеттік қызметшілер қамаудағы ұстау шарттарымен танысып, аталған изолятордың карантин, изолятор, асханасын және изолятор камераларын аралатып тұрмыс жағдайын көрсетті.
Мекеме бастығы, әділет полковнигі Тасқараев Алмат Жұманұлы мемлекеттік қызметшілерді отбасының және қызметінің қадірін түсініп, бағалауға шақырды.
Cонымен бірге, ұйымдастырылып жатқан шараның тиімділігін жоғарылату мақсатында ЗК – 169/1 мекемесінде өз жазасын өтеп жатқан «А» есімді  азаматпен сұхбаттасу өткізілді. Сұхбат барысында «А» есімді азамат, мемлекеттік қызметшілерге  адал өмір сүріп, абыроймен қызмет атқарудың жәнебостандықтың қадірін түсінуге шақырды.
Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру болып табылады.
27 ақпан 2020 ж. 800 0