Соңғы жаңалықтар

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қазақстан бойынша 159 мың теңгеге жалғыз үміткер отбасы

Қазақстан бойынша 159 мың теңгеге жалғыз үміткер отбасы


Елімізде 15 баласы бар бір ғана отбасы бар. Көпбалалы ерлі-зайыпты Павел мен Татьяна Култышевтар Петропавл қаласында тұрады. Еңбек министрі айтқан 159 мың теңге жәрдемақыға үміткер Қазақстан бойынша Култышевтар отбасы, деп хабарлайды Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме берген
Oinet.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 15 баласы бар отбасыларға 159 мың теңге жәрдемақы төлеу мәселесін көтеріп, сынға ұшырағанын бұған дейін жазған едік. Тіпті, адам шұбыртып туа беретін мал емес деп сөккендер де болған. Ал, ерлі-зайыпты Култышевтардың пікірі мүлде басқа. Татьяна мен Павел маусым айында дүниеге 16-шы сәби өмірге келеді деп отыр.
- «Мен әдетте босанатын шақ жақындағанда ғана дәрігерге барамын. Осы үшін мамандардан сөз де естимін. Бірақ менің түрлі сараптама тапсырып, ультрадыбыстық зерттеуге барып жүретін уақытым жоқ. Балаларыма қарауым керек. Дәрігер жылда түсініктеме жазғызады. Дәл осылай айтамын. Ниеті түзу адамға Құдай беретініне сенемін. Өйткені перзентханаға талай барғанда неше түрлі жағдайларды көрдім. Балалары сырқат болып дүниеге келіп жатады. Кей келіншектердің денсаулығы ана атанбай жатып сыр береді. Менде бәрі жақсы. Босанамын да, үйге қайтамын», - дейді Татьяна.
Балалары «ұялы телефон, киім әпер» деп әлекке салмайды екен. Өйткені Павел мен Татьяна ұрпағына дұрыс тәрбие беруді мақсат тұтады.
«Осынша баланы қайтесіңдер, оны қалай асырайсыңдар» деп сөгетіндер де бар. Бала – бақыт. Әрине, оларды өсіріп ер жеткізіп, білім беру керек. Бұл – үлкен жауапкершілік. Оңай деп айта алмаймын. Бірде жетіп, бірде жетпей жатады. Құдайдың қолдауымен бәрі жақсы болып келеді. Мемлекетке телмірмейміз. Жәрдемақының көбейіп жатқанына қуаныштымын. Қанша жәрдемақы берсе де, қанағат тұтамыз», - дейді Павел.
Култышевтар отбасында балалардың әрқайсысының туған күні – ерекше мереке. Павел Владимирович мүмкіндігінше мүшелеп ет асып, балаларының құрметіне табақ тартатындықтарын айтады. Жайманы да Татьяна өзі жасайды. Ақша бірде жетіп, бірде жетпей жатады. Бірақ бұл отбасы оған ешқашан налыған емес. Әркімнің өз несібесі бар деп есептейді.
20 ақпан 2020 ж. 383 0