№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бэк Эйр ұшағының қалай құлағаны белгілі болды

Бэк Эйр ұшағының қалай құлағаны белгілі болды

Мемлекетаралық авиация комитетінің бас директоры Виктор Сороченко Бэк Эйр ұшағының апатқа ұшырауының басты себебін атады, – деп хабарлайды aikyn.kz.

«Мұндай авиациялық оқиғалар бұған дейін де болған. Апатты жағдайда ұшуды орындау барысын біз Францияда 2007 жылы байқаған едік. Мемлекетаралық авиация комитетінің мамандары бұл апатты жан-жақты тексеріп, сараптама жасадық. Аталған авиациялық оқиғаға байланысты Франция билігі бізге барлық мәліметтерді, ұшу параметрлерін ұсынған болатын. Ал біз сол оқиға кезіндегі ұшу параметрлері мен өткен жылдың 27 желтоқсанында Алматыдағы ұшақ ұшуының параметрлерін салыстырып шықтық. Осы екі авиациялық оқиға параметрлерінің ұқсас екендігін айта аламын», – деді ол.
Оның дерегінше, аэродинамикасы өте ұқас болып келетін Fokker F28 және Fokker 100 ұшақтары 106 рет апатқа ұшыраған. Соның кемі сегізінде ұшақтың ұшып шығу барысында құлауына қанаттарының бетіне мұз қату себеп болған. Ал Бек Эйр ұшағы Алматы әуежайынан 6 метр көтерілгеннен кейін сол қанатына 5 градусқа одан кейін оң жаққа қарай 19 градусқа күрт ауытқыған.

«Мен ұшақ апатының екі ғана себебін көріп отырмын. Олар: қанаттардың зақымдануы, бүлінуі, көтеру қабілеті төмендеуі немесе мұз қату. Комиссия авиациялық оқиға орын алғаннан кейін әуе кемесін қарап шығып, қанаттарының зақымданбағандығын анықтады. Менің тәжірибем мұнан өзге себебі көріп те тұрған жоқ. Сондықтан біз ең ұшақ қанаттарына мұз қатуы нұсқасына бірінші кезекте мән береміз», – деді Виктор Сороченко.

20 ақпан 2020 ж. 549 0