Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 538

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Алматыда құлаған Fokker-100 ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды

Алматыда құлаған Fokker-100 ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды

Алматы әуежайында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы Миржан Молдақұлов қайтыс болды.
Әкімдіктің мәліметінше, 54 жастағы Молдақұлов үйінде көз жұмған. Ұшқыштың 5 қаңтарда ес жиып, жансақтау бөлімінен профильдік бөлімшеге ауыстырылғаны хабарланған. Ол ауруханадан 21 қаңтарда шығарылған. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 28 қаңтар кешкі 18.00-де жедел жәрдемге Молдақұловтың жағдайы нашарлағаны жайлы шақырту түскен. Жедел жәрдем дәрігерлері науқастың жүрек қағысын реттеуге тырысқанымен нәтиже болмаған.
27 желтоқсанда таңертең Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы Алматы әуежайына жақын жерге құлап, сол маңдағы үйге соғылған. Ұшақта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. 12 адам қаза тауып, ондаған жолаушы ауруханаға түскен. Мерт болғандар арасында борт капитаны Марат Мұратбаев та болған.
29 қаңтар 2020 ж. 753 0