№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұстаздар көше тазалап, құжат жинаумен айналыспауы қажет: Білім министрі тағайындалатын айыппұлдар туралы айтты

Ұстаздар көше тазалап, құжат жинаумен айналыспауы қажет: Білім министрі тағайындалатын айыппұлдар туралы айтты


“Ашық алаң” бағдарламасының тікелей эфирінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагог мәртебесіне қатысты арнайы заң күшіне енгенімен, мұғалімдердің мәртебесін бір ғана заңмен көтеру мүмкін емес екенін айтты, деп хабарлайды
Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Педагог мәртебесі тек заңмен өзгермейді. Бұл мұғалімдердің өзіне, өзінің біліктілігі мен жеке қасиеттеріне байланысты және қоғамға байланысты”, - деді министр.
Оның айтуынша, “Педагог мәртебесі туралы” заң ең алдымен балаларға арналған.
“Жасыратыны жоқ, мұғалімдер бізде зал толтырады. Құжат жинау керек болса, мұғалімдерді жібереді. Мұғалімдер бізден аула аралайық па, әлде балаларға білім берейік пе деп сұрап жатты. Есептер, қағазбастылық, осының барлығы заң қабылданар алдында болған мәселе”, - деді министр.
Оның айтуынша, мұғалімді қызметтен тыс жұмысқа тартқан адамдарға жаза бар.
“Басында ескерту жасалады. Одан кейін 20 АЕК тиісті айыппұлдар бар”, - деді ол.
Бұған қоса министр мұғалімдерді қағазбасты жұмысқа салғандарға айыппұл салынатыны жайлы ескертті.
“Педагог мәртебесі туралы” заңда тиісті нормалар бар. Біріншіден, 20-120 АЕК аралығында айыппұл салу қарастырылған. Екіншіден, біз алғаш рет мұғалімдер қандай құжаттарды толтыру керек деген сұраққа жауап бердік”, - деді Аймағамбетов.
Оның айтуынша, Қазақстан унитарлы мемлекет болғанымен, бір заңға бағынғанымен, өңірлердегі жағдай назар аударуды қажет етеді.
“Бір облысты тексердік. Онда мұғалімге 130 құжат тексерту міндеттелген екен. Ең қынжылтатыны - ұстаздар сол құжаттарды, қаншама есептерді толтырады, бірақ бұл құжат, есептер ешкімге керек емес”, - деді Аймағамбетов.
Сөзінше, бұл есептерді оқуға ешкімнің уақыты да жоқ.
“Қазіргі уақытта біз тиісті тізімді дайындадық. Сол тізім бойынша пән мұғалім нақты бес құжат қана толтырады”, - деді ол.
13 ақпан 2020 ж. 1 343 0