№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 47 мемлекеттік органның кабинеттері «Open space» форматында қайта құрылды

47 мемлекеттік органның кабинеттері «Open space» форматында қайта құрылды


Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшылығы, облыс тұрғындарының алдында облыстық «Достық үйі» ғимаратында есептік кездесуін өткізді.
Кездесуге, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда  облыстық филиалының, «Атамекен» ҰКП Қызылорда облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының басшылары,облыстық маслихат депутаттары және аумақ тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында Бақытжан  Ниязов  департамент жанында үш бірдей консультативтік құрылым  - «Ақмешіт-алалдық алаңы», арнайы мониторнг тобы,ақпараттық-ағартушылық  штабы бойынша айрықша тоқталып өтті.
«Ақмешіт–адалдық алаңы» жобасы шеңберінде 47 мемлекеттік органның кабинеттері «Open space» форматында қайта құрылды, 319 мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары 1-ші қабатқа көшірілді, 512 азамат құқықтық көмек алуға жүгініп, 78  азаматтың өтініштері қанағаттандырылды.
Сонымен қатар, «Protecting business and investments» жобасы аясында есепті мерзімде фронт офиске инвесторлар мен кәсіпкерлерден 51 өтініш келіп түсті. Осы өтініштер бойынша тиісті шаралар қабылданып, бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды.
«Адал жол» жобасы аясында облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелерінің қатысуымен 25 рет жүргізілген рейдтік шаралар барысында поездға билетсіз мінген 65 жолаушы анықталса, жолсеріктерге қатысты 31 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделіп, 215 техникалық бұзушылықтар анықталғандығын да хабарлады.
Сондай-ақ, департаментке 2019 жылы 115 сыбайлас жемқорлық санатына жататын қылмыс тіркелген. Сыбайлас жеморлық жасағаны үшін жауапкершілікке 65 адам тартылды. 
Сонымен бірге, арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Наталья Мишукова жыл көлеміндегі атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады. Арнайы мониторингтік топтың білім, халыққа қызмет көрсету, жол сапасы бойынша енгізген ұсыныстарының қорытындысы бойынша айрықша тоқталып өтті.
Кездесу соңында
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы  қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойыншаоблысымызда  жасап жатқан жұмыстар орасан зор екендігін атап өтті.
24 қаңтар 2020 ж. 582 0