№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Несиені кім алмайды?

Несиені кім алмайды?

2020 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда жағдайы төмен отбасыларға және жұмыссыздарға несие беруге тыйым салатын заң күшіне енді.

Жаңа ереже Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 3 шілдесінде азаматтардың кредиттелуіне жол бермеу және тұтынушылық несие берудің оңтайлы өсу қарқынын қамтамасыз ету үшін қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында жазылған. 
Заң бойынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан қарыз алушылардың борыштық жүктемесін есептеу тәсілдері өзгереді – табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2020 жылы 31 183 теңге) төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салынды. Сондай-ақ банктердің меншікті капиталының жеткіліктігіне қойылатын талаптар арттырылды. Бұл банктердің кепілсіз қарыздарды, әсіресе табысы төмен азаматтарға беруге экономикалық ынталандыруларын төмендетеді. Жұмыссыздарға да несие берілмейді. Себебі енді қарыз алу үшін соңғы 3-12 айдағы ресми кіріс туралы мәлімет болуы керек. 
 
03 қаңтар 2020 ж. 831 0