Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің финал алдындағы кезеңі қалай өтуде

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің финал алдындағы кезеңі қалай өтуде



Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысушылар «Сарапшылық комиссияда әңгімелесу» кезеңінен өтуде.
27 қараша - 12 желтоқсан аралығында өтетін аталған кезеңге 400 үміткер жіберілді.
Сарапшылық комиссия тұрақты және тұрақты емес мүшелерден тұрады. Оның құрамында Президент Әкімшілігінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік университетінің өкілдері бар. Үміткерлерді бағалау құқығынсыз барлық үдерістердің объективтілігін сыртқы бақылаушылар ретінде Данияр Әшімбаев, Артур Платонов, Нұрбек Саясат, Асқар Омаров және Марат Башимов, сондай-ақ Азия даму банкінің өкілі шақырылды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованың айтуынша, алдыңғы кезеңдердегідей әңгімелесуде барынша ашықтық қамтамасыз етілген.
«Комиссия мүшелері үміткерлерді онлайн-жүйеде бағалайды. Ол келесі түрде іске асырылады. Комиссияның әрбір мүшесі қатысушымен әңгімелесуден кейін сол мезетте үміткерге бірден беске дейінгі шкала бойынша өзінің бағасын қояды. Бағалауды жүргізу үшін әрбір белгіленген шкаланың тиісті өлшемдері мен дескрипторлары әзірленді. Олар бойынша ол (комиссия мүшесі – еск.) бағалауды қояды, содан кейін баға автоматты түрде базаға түседі және генерацияланады. Осылайша, бағалау үдерісі 2-3 секундтан аспайды. Басқаша айтқанда, комиссияның барлық мүшелері онлайн баға енгізгеннен кейін, олар бірден базаға түседі. Ең бастысы, бағаны түзетуге ешқандай мүмкіндік жоқ», - деді А. Жаилғанова.
А.Жаилғанова сондай-ақ комиссия мүшелері әңгімелесудің нәтижелерін дауыстап талқыламайтынын, соның арқасында комиссияның басқа мүшелеріне өз пікірімен ықпал ету мүмкіндігі жойылатындығын айтты.
Онлайн-жүйеде әрбір комиссия мүшесінің бағалауы негізінде үміткердің жалпы орташа бағасын шығарудың қарапайым формуласы қолданылады. Ағымдағы күн ішінде әңгімелесулер аяқталғаннан кейін комиссия хатшысы–жүйе әкімшісі хаттаманы дереу басып шығарады және Комиссияның әрбір мүшесі өзінің бағалауының дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндігі бар және оларды қолтаңбасымен куәландырады.
«Сонымен қатар, процестердің объективтілігіне ешкімнің күмәні болмауы үшін сол күні үмкітерлердің жеке кабинеттерінде деректер жариялануда.
Сарапшылық комиссиясында әңгімелесуді қоса алғанда, әрбір алдыңғы кезеңдер бойынша үлес салмағын ескере отырып, үміткерлердің жалпы рейтингі барлық кандидаттар әңгімелесу кезеңінен өткеннен кейін pkrezerv.kz сайтында қолжетімді болады», - деп хабарлады МҚІА төрағасы.
Қоғамдық қайраткер, Парламент Мәжілісінің депутаты Артур Платонов әңгімелесуде көргендерін оң бағалады.
«Меритократия қағидатын, әркімге қабілеті бойынша қағидатын сақтау – ол сақталады, менде күмән тудырмайды...
Біріншіден, мұның бәрі ашық, мұның бәрі адал. Маған комиссия мүшелерінің 7 минуттық интервал ішінде кандидатты барынша ашу, оның білім деңгейін, ой-өрісін, ойлау қабілетін анықтауға көмектесуге деген талпыныстары ұнады.
Қатысушылардың мұның бәрі адал және ашық екенін, бұл процесті бақылап отырғанын көріп отырғаны өте маңызды. Неге бұл өте маңызды? Өйткені бұл адамдардың кәсібилігі мен парасаттылығы деңгейінен елдің одан әрі болашағы байланысты болады. Олардың адамгершілік қасиеттерінің деңгейінен халық мүддесі үшін қойылған міндеттер қалай адал орындалатындығы байланысты болады. Адамгершілігі жоқтардың (адамдардың-еск.) тіпті жоғары деңгейдегі білімі, ол пайда әкелмейді, кейде қауіпті. Мен үміткерлердің мемлекеттік міндеттерді шешуі тиіс екенін түсінетініне назар аудардым», - деді ол.
Артур Платоновтың айтуынша, қатысушылар - парасатты және мақсатты, жақсы білімі бар адамдар.
«Сөйлесе алған ізденушілер бойынша. Біріншіден, біз, әрине, жаңа формация буынын құра алдық, олар менің ойымша, ел басшылығы қойған стратегиялық міндеттерді тиімді және қарқынды орындайтын болады»,-деп атап өтті белгілі қоғам қайраткері.

ҚР МҚІА баспасөз қызметі
05 желтоқсан 2019 ж. 512 0