№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

№64 (8978) 25

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Келесі жылы ұстаздардың жалақысы өседі

Келесі жылы ұстаздардың жалақысы өседі


Бүгін 28 қараша күні Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бойынша кеңейтілген отырыс болып өтті. Жиынға білім және ғылым министрі Аймағамбетов қатысыпты, деп хабарлайды
Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысының тамыз конференциясында берген тапсырмасы аясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады. Бұл – келесі жылдан бастап педагогтердың жалақысы 25%-ға көбейеді деген сөз" , - деді өз сөзінде Аймағамбетов.
Еліміздің бас мұғалімінің айтуынша, Заң жобасында мұғалімдердің өз құзыретін арттыруға бағытталған материалдық ынталандыру нормалары да қарастырылған.
Бұған қоса мектептерде педагог қызметкерлердің сапалы әлеуетін арттыруды ынталандыру мақсатында магистр дәрежесі бар тұлғалар үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы көзделеді. Атап айтарлық жайт, заң жобасы шеңберінде мәртебені арттыру жөніндегі жаңашылдықтар барлық мұғалімдерге әсер етеді.
28 қараша 2019 ж. 845 0