№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еңбек өтіліне өзгерістер енді

Еңбек өтіліне өзгерістер енді


Сәрсенбі күні "Жаңақорған тынысы" газеті редакциясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген « Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы » коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Жаңақорған аудандық бөлімінің басшысы Әлия Аблаева Қазақстан Республикасы зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде этникалық қазақтардың еңбек қызметін есепке алуға қатысты төмендегі заңдылықтарға түсініктеме жасады.


Тұңғыш президенттің V Дүние­жү­зі­лік қазақтар құрылтайында бер­ген тапсырмасын орындау үшін, Қазақстан Республикасының 26 жел­тоқ­сандағы 2018 жылғы № 203-VІ «Қазақстан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне халықты жұ­мыс­пен қамту мәселелері бойынша Қазақстан Республи­касының "Қазақстан Респу­бликасында зейнетақымен қамсыз­дандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағына 18 тармақшасымен зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу кезінде тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтардың еңбек өтілін есепке алу жөнінде толықтырылды.
Осы норманы жүзеге асыратын ҚР-сы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Қағидасына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 122 бұйрығымен зейнетақы төлемдерін тағайындау кезіндегі өтіліне есептелетін еңбек өтілінің тізбесіне тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақ­тардың шығу еліндегі еңбек қызметін растайтын құжатпен толықтырылды.
Бұл норма 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Бұл ретте құжаттың бірыңғай нысаны, сондай-ақ оны жария ету бойынша қандай да бір ерекше талаптар көзделмеген.
Жалғыз талап: шыққан елде бе­ріл­ген құжаттар туралы әңгіме болып отырғандығын ескере отырып, құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылуы "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 заңының 34-бабының 9) тармақшасына сәйкес куәландырылуға тиіс.
Осылайша, зейнетақы төлемдерін­тағайындау кезінде этникалық қазақ­тардың шығу еліндегі еңбек қызметін есепке алу сұрақтары Қазақстан Респу­бли­касында заң жүзінде реттелген.

Баян ҮСЕЙІНОВА
23 қараша 2019 ж. 628 0