№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Байқаудың жеңімпазы атанды

Байқаудың жеңімпазы атанды


Қызылорда қаласында «Атадан мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ІІІ Республикалық «Ұлы дала ұрпақтары» байқауы дарынды өнерпаздардың басын қосты. Байқаудың «Көркем сөз оқу» жанры бойынша өнер көрсеткен №110 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Асылзат Сатыбалды ерекше өнерімен көзге түсіп, дара шықты.


Ол Мұқағали Мақатаевтың «Дала данышпаны» өлеңін оқып, өлең сүйер қауымды нәзік үнімен баурап алды.
– «Ұлы дала ұрпақтары» байқауына жетекшім Ғалиябану Байтелиева бір айға жуық дайындады. Ақиық ақын М.Мақатаевтың кемеңгер ақын Абайға арнап шығарған мазмұны бай «Дала данышпаны» өлеңіне тоқталдық. Бай­қау­ға дайындалу барысында жетек­шімнен бөлек ата-анам қолдау білдіріп, тыңғылықты дайындалуыма жағдай жасады. Сахнада өзіңді ұстау мәдениеті, өлең оқу мәнері, киім стиліне дейін мән бердік. Дайындықтың нәтижесі болар үздіктер қатарынан көріндім, – деп қуанышын жеткізді дарынды оқушы.
Болашақта журналист болсам деген ниетін жасырмады ол. Ол қатысқан байқауларында жүлдесіз қайтпайтынын білдік. Мәселен, былтыр «Жарқын бола­шақ» байқауында бас жүлдені иелен­ді.
– Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қатысушылар арасынан оқушым жақсы өнер көрсетті. Асылзат өте дарынды жас. Өлеңді жүрегімен оқып, мазмұнын ашатын қабілеті бар. Оны өзгелерден ерекшелейтінде осы қасиеті, – деді ұстазы Ғалиябану Байтелиева.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды баланы қолдауға пәрмен бергенде осындай байқаулар дарынды жастардың қабілет-қасиетін ашатыны анық.
Осы орайда, бізге жеңімпаз Асыл­заттың мына сөзі ой салды:
«Тәуелсіз елімнің төл перзенті әрі оқу озаты ретінде осынау жауапты кеш­ке қатысу құрметіне ие болғаным үшін мектебіме, ұстаздарыма алғысымды айтамын. Алдымда биік мақсат бар. Мектепті үздік бітіріп, бәсекеге қабілетті маман болу мұратым. «Мәңгілік Елдің» тұтқасын ұстап, Қазақстанның өркениет көшінен қалмауына үлес қосқым келеді».
Мақсаты ақсақ, мұраты нық жасқа көздеген межесіне жете беруіне тілек­тестік білдірдік!

Лаура БИБАСАРОВА
13 қараша 2019 ж. 958 0