№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » 20 мың жеміс ағашын баптап отыр

20 мың жеміс ағашын баптап отыр


Екпінді ауылының тумасы Сәдібек Балтабайұлы республикаға танымал тұлға еді. Кезінде Қазақстан байланыс Министрлігінің бөлім меңгерушісі, Алматы байланыс техникалық-пайдалану торабының бастығы, ҚР Байланыс министрлігінің электр байланыс басқармасы бастығының орынбасары, Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясының Бас директоры қызметін абыроймен атқарды. Қандай қызметте болмасын кіндік қаны тамған жермен байланысты үзбей, ағайынның қажетіне жарады. Өзі туған «Қамбар» көлінің жанынан шаруашылық ашып, жеміс ағаштарын өсіріп, жылыжай ұстады. Жақсының артында өшпес мұра қалады деген рас-ау. Өз саласындағы ізгілікті істерінен бөлек, бауырларына шаруашылықты мұра етіпті. Соны көрмекке арнайы бардық.


Бізді Әмірхан Балқожаев күтіп алып, шаруашылықтың жұмысымен таныстырды.
– 2014 жылы «Кеңсаз» шаруа қожалығы құрылды. Ағамның атында «Сәдібек» бауы бар. 5 гектар жерде 20 мыңнан аса жеміс ағашы бар. Ағамның көзі болғандықтан соңы күтіп-баптауға ерекше мән береміз. Жылда жемісті жақсы аламыз. Ағамның аманаты бойынша әуелі мектеп оқушылары мен балабақша тәлімгерлеріне тегін таратамын. Содан кейінгісін ғана нарыққа шығарамын. Алғашында Шиелі кентіне барып өткізетінбіз. Қазір экологиялық таза әрі дәмді алманы ауылдың адамдары да көптеп алатын болды, – дейді шаруашылық төрағасы.
Жаз мезгілінде жылқы ұстап, саумалы мен қымызын ауыл тұрғындарына сатады екен. Жалға жер алып күріш егеді, шаруашылыққа тиесілі 40 гектарға жоңышқадан өнім алды. Үш трактор, шөпті престейтін техникасы бар.
– Екі жыл жылыжайға қарайтын мүмкіндік болмады. Келер жылы жылыжайды іске қосу жоспарда бар. Саумал өндірісін дамытуды қолға аламыз. Жалпы ағамның қалдырған шаруашылығын дамытып, жұмысты жүйелей түсуге күш саламыз, – дейді Ә.Балқожаев.
Қорыта айтқанда, ағасынан қалған істі жалғастырып, ұрпағына отбасылық бизнес ретінде қалдыруды мұрат еткен Әбекеңнің жоспары көп. Бәрінен бұрын, көпке пайдам тисе деген қағиданы ұстанып жүр.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
05 қараша 2019 ж. 637 0