№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ



Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласының жалпы аумағы 1532 гектарды құрайтын сол жағалауының даму барысымен танысты.
Қазіргі уақытта сол жағалауда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында пайдалануға берілуі жоспарланған 460 пәтерлік 8 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда. Бұдан басқа, әлеуметтік және коммерциялық сипаттағы 1190 пәтерлік қосымша 28 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Жалпы, сол жағалаудағы 3 тұрғын үй ауданында ағымдағы жылы 2340 пәтерлік 50 тұрғын үй салынады. Оның ішінде 431 пәтер аз қамтылған көп балалы отбасыларға беріледі.



Қаланың жаңа бөлігінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі бойынша 320 орындық балабақша салынды. Сондай-ақ, жеке құрылыс салушылардың қаражаты есебінен 14 көпқабатты тұрғын үй бой көтерді, "Болашақ" университеті кампусының құрылысы аяқталуда. 2019-2020 жылдары емханасы бар көпсалалы аурухана, отбасылық медицина орталығы, жатақханасы бар физика-математикалық мектеп, жеке мектеп және т. б. салу жоспарланып отыр. 2018 жылдан бастап сол жағалау аймағында қажетті инфрақұрылым құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.
Сырдария өзенінің сол жағалауындағы пайдалануға берілген алғашқы нысан 1925 жылы ұлтқа «қазақ» атауын қайтару туралы тарихи шешім қабылданған бұрынғы Қазақ Орталық Атқару Комитетінің сызбасы бойынша салынған "Рухани жаңғыру" орталығы болды. Ғимаратта Қызылорда қаласының тарихына арналған мұражай да орналасқан. Қасым-Жомарт Тоқаев мұражай экспозициясымен танысты.
14 мамыр 2019 ж. 967 0