№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 7 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып келген

7 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып келген


Жамбыл облысында шамамен 7 мың отбасының атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алғаны әшкереленді, деп хабарлайды
«Хабар 24».

Олардың 933-і алған қаржыны мемлекетке қайтарып беруге уәде берген. Бұл шамамен 130 миллион теңге. Әзірге тұрғындардан тек 21 миллион теңге өндіріліпті. Өңір тұрғындары әлеуметтік көмекке қол жеткізу үшін отбасылық кірістерін жасырып баққан.
Мәселен, олардың арасында  мыңғырған мал айдап, зәулім үйлерде тұрып жатқан бай-бағландар бар. Кейбірінің басында бірнеше көлігі болса, енді бірі жеке кәсібі болғанымен кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Сондықтан отбасының кірісі құжат жүзінде көрсетілмепті. Мұндай сорақылық құзырлы органдардан құрылған арнайы комиссия жүргізген тексеру барысында анықталып отыр. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы орын алған заңбұзушылықтар атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаған мамандар тарапынан кеткенін айтады. Қаржылай көмекті заңсыз алушылар мәліметтер базасы арқылы да анықталған.


03 қазан 2019 ж. 779 0