№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға кімге рұқсат беріледі

Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға кімге рұқсат беріледі


Қордағы ақша бірінші кезекте, бюджеттік мекемеде істейтін қызметкерлерге берілуі мүмкін.
Зейнетақы қорындағы ақшаны алған кезде әр адамның жасы мен жинаған сомасы ескеріледі. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды 
Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Зейнетақы қорындағы ақшаны берген кезде, адамның жасы мен жинаған сомасына қараймыз. Шоттағы ақша өмірінің соңына дейін жете ме, оған да мән беру керек. Сондықтан қазір біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Тиісті есептеулер жүргізу керек", - деді ол үкімет кулуарында.
Сапарбаев БЖЗҚ-дағы ақшаның бір бөлігін ғана алуға болатынын атап өтті. Ол ең бірінші кезекте, бюджеттік мекемеде істейтін қызметкерлерге берілуі мүмкін.
Айтуынша, үкімет бұл мәселені ұлттық банкпен пысықтайды.
Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында үкіметке қазақстандықтарға зейнетақы жинағын пайдалануға беру мәселесін пысықтауды тапсырған еді. Президент зейнетақы жинағын баспана сатып алуға немесе білімге жұмсауға болатынын айтты.
05 қыркүйек 2019 ж. 1 809 0