Қанат Ислам көпбалалы анаға елордадан екі бөлмелі пәтер алып берді
Боксшы Қанат Ислам сегіз баласы бар жалғызбасты ана Гүлшат Баяділоваға елордада екі бөлмелі пәтерді берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Боксшы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен 5 шілдеде өткен «Қанат Исламмен бокс кеші» іс-шара барысында жиналған қаражаттың бір бөлігіне пәтер сатып алуға ниет білдірді. Пәтер Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданында, оң жағалауда орналасқан. Балабақша мен мектепке жақын жерден таңдалды. Сонымен қатар, корпус қажетті құрылғылармен және жұмсақ жиһаздармен толық қамтамасыз етілген.
Гүлшат Баядилова, жалғызбасты ана, «Күміс алқа» сыйлығының иегері, сегіз бала дүниеге әкелді. Оның тұңғышының өз жанұясы бар, екінші баласы белгісіз дертпен ауырады. Ақшасы болмағандықтан, уақытылы медициналық көмек ала алмай, дәл диагноз қоя алмаған. Үшінші бала колледж студенті, қалған бесеуі мектепке барады.
Бұрын отбасы жеке үйдің кішкентай бөлмесінде тұрып келді. Жалға алынған баспана үшін ақы төлеуге ештеңе болмағандықтан, Гүлшат Баяділова қыста коттедж пешін жағып, ал жазда ол үйді тазартып, үйде тұруға мүмкіндік алды.
Еріктілер отбасыға тоңазытқыш, төсек, диван және газ плитасын сыйға тартты. Осы уақытқа дейін барлық отбасы мүшелері еденде ұйықтауға мәжбүр болды.