№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ақпараттық топ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Жаңақорған ауданында ілгерілетуде

Ақпараттық топ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Жаңақорған ауданында ілгерілетуде

Ауданның ардагер ақсақалдары мен аналары тағы бір рет бас қосып, шүйіркелесіп сыр бөлісіп, бір жасап қалды. Бұл жолғы басқосуларының ұйытқысы Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының ақпараттық тобы болды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту, «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету» тақырыбы бойынша жобалары бойынша Қызылорда облысына сапармен келген топ, Жаңақорған ауданының орталығында және «Қожакент», «Түгіскен» елдімекендерінде болып, ұрпақ сабақтастығының үлгісі болатын іс-шаралар кешенін жергілікті қауыммен бірлесе өткізді.
Іс шараларға Елдімекен әкімдері, кітапхана ұжымы, мектеп оқушылары, Аудандық және ауылдық ардагерлер алқасы, аналар алқасы, жастар ұйымдары өкілдері қатысып, іс шараларға өз үлесін қосты. Кітапханаларда оұырмандар кітап алмасатын буккроссинг орталықтары ашылыр, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара әріптестік байланыс жолдары қарастырылды. Сондай ақ, Халықаралық «Жанашыр» ұоғамдық ұоры мен жергілікті ҮЕҮ-лар мен ақсақалдар, аналар, жастар ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеу бойынша Меморандумдарға қол қойылды.
17 қыркүйек 2019 ж. 519 0